• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 9 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ТОЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТІП ЖАТЫР

17.06.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ТОЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Кентау қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласындағы №5 Жылу энергия орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл орталықтағы 6 қазандықтың жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы құны – 13,6 млрд.теңгені құрайтын қазандықтарды қайта құру жұмыстары мердігер мекеме «ЭМ-ходинг» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026

Сондай-ақ, сапар аясында журналистер Қарнақ ауылында орналасқан «Medical style» тігін цехына барды. Бүгінде цех жылына 20-25 мыңға жуық медициналық киімдердің 25 түрін дайындайды. Айта кететін жайт, қазіргі таңда өндіріс орнының Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында арнайы дүкендері бар. Мекеме басшысы Шавкат Хабибуллаевтың айтуынша, тігін цехында жалпы технолог пен арнайы білімі бар 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Киімдерге қажет маталар арнайы Түркия елінен алынады.

БАҚ өкілдері кейін Қарнақ ауылында жуырда ғана іске қосылған «URKER» жазғы сауықтыру лагерінде болды. Жоба құны 400 млн теңге болатын кешенде 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. «URKER» жазғы сауықтыру лагерінде 450 бала үш ай бойы тынығады. Алдағы уақытта бұл жерден қосымша тағы 300 балаға арналған ғимарат бой көтермек.

БАҚ өкілдері келесі кезекте құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан тұрғын үйлермен танысты. Бүгінде Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Пәтерлердің жалпы ауданы — 3 161,5 шаршы метр. Тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, 3 қабатты 30 пәтерлі 2 үйдің құрылысы басталған. Сонымен қатар, тур аясында қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары таныстырылды. Жалпы қала бойынша биыл 10 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған