Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың бастамасымен қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. Түркістан облысында экоакциясы аясында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында жалпыхалықтық тазалық шаралары жүргізілді. «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарында 1 408 ауқымды іс-шара өтіп, оған жалпы 67 мыңнан астам адам қатысты.
Бұдан бөлек, облыс аумағында 150 мың түп ағаш отырғызылып, 175 мыңға жуық ағаш әктелді. Сондай-ақ, 40 024 шаршы метр аяқжолдар тазаланып, 346 саябақ және скверлер ретке келтірілді. Сонымен қатар, 302 мыңнан астам жеке үйлердің және 1 767 әлеуметтік нысандардың ауласы тазаланып, барлық аудан-қалалардағы су, өзен бойларында сенбіліктер өтті.
Бүгін экоакция Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінде орналасқан «Мәңгілік ел» саябағында жалғасты. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік және қоғамдық қызметшілер, ауданның белсенді жастары, еріктілер мен ауыл тұрғындары қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Тазалық акциясы барысында қатысушылар тарапынан 10 гектар саябақ аумағы қоқыстардан тазартылып, шөп ору, ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізілді. Ауыл ақсақалдары Президенттің бастамасымен атқарылып жатқан барша тазалық жұмыстарына оң бағаларын беріп, ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Осы Қаиыршақтыдан Мықты құрметті азаматтар шыққан ,мақалаңызды оқып ауылға барып көк маиса ыстық жерге барып қаитқандаи сезімде болдым,рахмет сізге Гүлжан әпшен,талабыңызға нұр жаусын
Керемет!
Осы Кайыршактыдан Мыкты курметті азаматтар шыққан,мақалаңызды оқып ауылға барып көк маиса ыстық жерге барып қайтқандай сезімде болдым, Рахмет сізге Гулжан апше,талабыңызға нұр жаусын.Темірлердің қыздары өрлеи берсін.
Туған жер — табынарым, сағынарым,
Сен менің киелім де, ән-ұраным!
Теңдессіз сұлу табиғаты бар, таяқ шаншысаң көкорай орманға айналар құнарлы топырағы бар туған жерім ризашылықпен бас идім!
Мен де сенің бір — Перзентіңмін!
Туған жерге ешнәрсе жетпейді ғой …
Оқып отырып, өзім де ауылға барып келгендей болдым.
Авторға рахмет, өте әсерлі және суреттепті.
Ия, ауылдың жағдайын түземей, оңалмаймыз, себебі нағыз Қазақ сол қара домалақтаодан шығады …
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас демейме қазақ. Туған жерін сағынбайтын қазақ жоқ. Гульжан әпке туындыңыз жүректі елжіретіп, көңілге ыстық сағыныш ұялатады екен. Оқи отырып, әрбір қазақ сіздей болса деген тілек айтқым келеді. Әрбір қазақ патриот боп елін, Отанын жақсы көрсе, ұрпағымыз аман жасай бермек!!!
Керемет естелік Гульжан әпке!
Өте жақсы. Туған жерге деген керемет туынды.
Сәттілік серік болсын сізге.
Еңбегіңіз жанып, елене берсін!
Әрдайым биіктен көрініп ,елдің батасына бөлене беріңз
Керемет жазыылган! Нагыз казак ауылынын кориниси. Осындай ауылдарымыз Кен байтак Казак жеринде коп бола берсин! Авторга мын Алгыс! Туган жерге деген махаббатыныз шексиз екен.
Өте жақсы мақала
Өте керемет жазылған мақала
Керемет, тазалық өзімізден басталады!!!
Акцияға қатысушыларға үлкен рахмет!!!