17 сәуір күні Сауран ауданына қарасты Қарашық ауылдық округіндегі «Қарашық» және «Тұран» жалпы білім беретін мектептерінде «Этносаралық қақтығыстарды болдырмау, этносаралық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын-алу» және «Дін мен дәстүр»тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, Түркістан облысы дін істер басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің бөлім басшысы, Республикалық ақпарат түсіндіру тобының мүшесі Жорабек Жалғас Мұхтарұлы және Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінің өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Адхамов қатысты.
Қазақ халқы қай заманда да елдікке соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш жігерін салады.
Кездесу барысында Қазіргі таңдағы ел тыныштығына мән беру, қоғамдық келісімді сақтау мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.