• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 2 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ТҮРКІСТАНДЫҚ МҮТАБАР ШЕРМЕТОВА – НАУҚАСТЫ ДӘРІМЕН ҒАНА ЕМЕС, ЖЫЛЫ СӨЗIМЕН ДЕ ЕМДЕЙТІН БІЛІКТІ ДӘРІГЕР (-1-)

19.04.2024
in Денсаулық, Қоғам
ТҮРКІСТАНДЫҚ МҮТАБАР ШЕРМЕТОВА – НАУҚАСТЫ ДӘРІМЕН ҒАНА ЕМЕС, ЖЫЛЫ СӨЗIМЕН ДЕ ЕМДЕЙТІН БІЛІКТІ ДӘРІГЕР (-1-)

Түркістан топырағына еңбегі сіңген жандардың қатарында жоғары санатты инфекционист-дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Мүтабар Бекқызы Шерметованы әбден айтуға болады.
Мүтабар Бекқызын Түркістанда танымайтын, білмейтін адам жоқ. Және кім болса да оның есімін асқан құрметпен, ерекше сыйлас көңілмен атайды.
Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі болып еңбек ететін білікті дәрігер көпшіліктің мұндай ықылас-ниетіне, атақ-абыройға денсаулық саласындағы үзбей атқарған ұзақ жылғы еңбегінің, кәсіби біліктілігінің арқасында жетіп отыр. Ақ желеңді абзал жан өзінің шипалы емімен, білімімен тек Түркістанға ғана емес, облыс көлеміне де танымал.
Бірде Шымкент қаласының жетекші гепатологтарының бірі Татьяна Диденконың Мүтабар Бекқызының амандығын сұрап, атына айтқан жылы лебізі де ойыма оралып отыр. Кәсіби білігіңді тек сырқаттар ғана емес, аға әріптестерің де бағалап жатса нұр үстіне нұр емес пе?!
Қоғамымыздың ең басты байлығы — адамдар денсаулығына қатысты бұл саланың күрделілігі ежелден белгілі. Ал, соның ішіндегі ең өзекті де, тіпті дәрігерлердің өз өміріне де қауіп төндіретін, ұстараның жүзіндей лыпылдап тұратын жұқпалы аурулар саласында табан аудармай отыз бес жыл қызмет істеудің қиындығын басынан өткен адам ғана білсе керек.
Әлі есімде, жер-дүниені сансыратқан пандемияның азабын тартқандар қатарында мен де ауруханаға түсіп, қиналып жатқан күндер еді. Таңертеңгілік дәрігерлер тексеруіндегі құраммен Мүтабар Бекқызы да келді палатамызға. Сонда менің жүзімнен үрей байқаған ол: «Апай, қорықпаңыз! Біз сізді бермейміз ешкімге де. Әлі-ақ аттай шауып кетесіз», — деген жылы сөздері, жылылық шашқан жанары, жағымды даусы жадымда жатталып қалды…

Оқи отырыңыз...

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған