• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 20 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

КЕЛЕСТЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ–ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

17.04.2024
in Қоғам
КЕЛЕСТЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ–ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Келес ауданында «Отбасым — бақ мекенім» атты тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы аудандық форум өтті. Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы құрудағы жауапкершілікті ұғындыру, ажырасудың, отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алддын–алу және болдырмау, негізгі себептерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған форумға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, құқық қорғау органдарының қызметшілері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалы мамандары, ҚХА жанынан құрылған Келес аудандық Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері мен аудан тұрғындары қатысты. Форумның ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы Жәнібек Есенұлы отбасы құндылықтары, өзекті мәселелер жөнінде атап өтті.
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін жеткізген болатын. Ауданымызда 2024 жылдың I тоқсанында ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» 67 азаматқа психологиялық қызмет көрсетті. Отбасын қолдау орталығы қызметі бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және отбасы мүшелерінің әлеуметтік және жеке дамуына жан-жақты қолдау көрсету арқылы отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Бүгінгі форумда айтылатын ой пікірлерден көпшілік рухани азық алып, күнделікті өмірде қолданады деген сенімдемін, — деді аудан әкімі.
Форум барысында Келес халықтық театрының отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты «Тәрбие отбасыдан» атты тақырыбында қойылым қойып, арнайы бейнеролик ұсынылды. Сонымен қатар, қоғам қайраткері, «Құрмет, Парасат» орденінің иегері,тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы және аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов отбасы құндылықтары және құқық бұзушылықтарға қатысты қабылданып жатқан шаралар бойынша баяндады. Форум соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, жиылғандар құнды ой түйіп, қажетті ақпараттарға ие болды.

Оқи отырыңыз...

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

20.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

20.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған