Кентау қаласының «Мейірім сыйлығы» еріктілері мен қала кәсіпкерлері «100 мұқтаж отбасыға азық-түлік» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Игілікті шараға этнос өкілдері де үлес қосты.
Ация ұйымдастырушылары осы күні бірнеше топқа бөлініп, қаладағы аз қамтылған отбасыларға Қасиетті Рамазан айына орай азық-түлікке толы жиынтық табыстады. Бұл жиынтықта тұрмысқа қажетті заттардан құралған. Азық-түлік пен қажетті заттарды әлеуметтік көмек алатын адамдар тізімінен таңдап алынды.
Азық-түлікпен қамтамасыз етілген 100 отбасы аталмыш акцияны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтып, шынайы қуаныштарын білдірді.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі