Өңірлерде су басу қаупі сейілмеуіне байланысты, сонымен қатар гуманитарлық көмектің қажеттілігіне орай, Жетісай ауданында «Күшіміз бірлікте» атты акциясы қызу жалғасып жатыр.
Шараға Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі де барынша өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Басымбекова Рахила бастаған топ “Жастар ресурстық орталығындағы” штабқа азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар мен киім-кешек т.с.с заттарды әкеліп, тапсырды.
Жетісай аудан тұрғындары өз жанашырлықтарын көрсетуде және аудандағы қала, кент, ауылдық округтерден және әкімшілік бөлімдерінен гуманитарлық жүк толассыз жеткізіліп, қаржылай жылу жиналуда.