• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 12 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ (-1-)

08.04.2024
in Қоғам
КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ (-1-)

Түлкібас ауданынан Ақтөбе өңірінің су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетілді.
Қарғын су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға Түлкібас ауданының тұрғындары мен этномәдени бірлестіктері игі іске өз үлестерін қосты. Түлкібас өңірінің жұртшылығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда.
Еске салар болсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялаған болатын:
Құрметті отандастар!
Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.
Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.
Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.
Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда.
Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр…

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған