Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Аналар кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес, Леңгір қаласына қарасты №6 жалпы орта мектебімен бірлесе ұйымдастыруымен, «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Шараға: Төлеби аудандық Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова және кеңес мүшелері, мектеп ұжымының ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Мақсаты: Балалардың бойында отбасы жөнінде түсініктері арқылы жан-жақты дамыған рухани адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру.
Отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, елге қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу.