Тұрғындардың талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады. Ешбір тұрғын көмексіз қалмайтынын айтты. «Бірлесе білген ел – бәрін жеңеді» дегендей, бұл апатты да бәріміз бірге еңсеріп, жақын арада барлығы жақсы болады деген сенімдеміз, — деді Рамиз Махмудов.
Жалпы, 2-4 сәуір күндері аралығында облыстық штаб арқылы (Жастар орталығы) Мақтаарал ауданында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың ұйымдастыруымен 1 жүк көлігіне керекті заттар жиналып, бүгін жолға шықты.
Сондай-ақ, бүгін таңғы сағат 10:00-де Сайрам ауданы, Манкент ауылының тұрғындарымен жинақтаған гуманитарлық көмегі бар 1 жүк көлігі, облыстық штаб арқылы (Жастар орталығы) Мақтаарал, Кентау, Арыс қаласынының штабтарында және қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының жинақтаған жалпы көлемі 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауылына жолға шықты. Аталған көмек 5 сәуір күні сағат 13:00-де тиісті жерге жеткізілмек.
Таяу уақытта Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен тағы бір 1 жүк көлігіне тиелген азық-түлік, көрпе-төсектер мен қажетті заттарды жеткізу жоспарлануда. Гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Осы орайда, су басқан өңірдің тұрғындары қайырымдылық шарасының басы-қасында жүрген барша азаматтарға алғыстарын айтып, ризашылығын білдіруде.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі