• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 21 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫНДА АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

06.03.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА «ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ – АНА» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫНДА АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы – ана» мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында өз салалары бойынша Түркістан өңірінің дамуына үлес қосып жүрген ардақты әжелер мен ханымдар, көпбалалы аналар, іскер аруларға құрмет көрсетілді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ардақты аналар мен қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтады.
– Сіздерді көктемнің ең аяулы әрі шуақты мерекесі – 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктем, сұлулық және Ана – қанаттас ұғымдар. Ана – шуақ, ана – мейірім, ана – ізгілік. Адамзат баласының аналарға деген махаббаты мен құрметі ешқашан сейілмейді. Барлық адам анаға қарыздар. Көшбасшы да, қайраткер де, батыр да, ақын да анадан туады. Қазақ халқы қыз баласын аса қадірлеп, ардақты аналарды құрметтеген. Қарындасты қорғап, аруларды аялаған. Қазақылықтың қаймағы сақталған Түркістан өңірінде де нәзікжандылардың құқығын қорғау, оларды жан-жақты қолдау бағытында жұмыс жүруде. Облыста «Бөрте», «Домалақ ана», «Фариза» қойылымдары көрермен назарына ұсынылды. Бұл мәдени ізденістерді аналарға, аруларға деген құрмет деп білеміз. Тәуелсіз еліміздің дамуына аналарымыздың, қазақтың қайсар қыз-келіншектерінің қосқан үлесі айырықша. Сіздер Түркістан өңірін өркендету жолында да жемісті еңбек етіп келесіздер. Түркістан – көпбалалы аналар саны жағынан ел бойынша алдыңғы орында. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Облысымызда 179 мыңнан аса көпбалалы ана бар. 2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық ана «Алтын алқа», 4 мың «Ана даңқы» ордендерінің иегері саналы ұрпақ өсіруде. Ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Сіздер мейірім мен даналықтың қайнар бұлағысыздар. Гүл көктем мен сұлулықтың сыңарысыздар! Сіздерді Халықаралық ханымдар мерекесімен құттықтай отырып, ұзақ өмір, зор денсаулық, мөлдір махаббат тілеймін! – деген Дархан Сатыбалды қоғамға өз еңбегін сіңіріп жүрген ханымдар мен іскер аруларға марапаттарын табыстады.
Түркістан музыкалық драма театрында өткен мерекелік іс-шара мағыналы әрі мазмұнды, шабыт пен сезімге толы концертпен өрнектелді. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Jana lep» ұжымы «Көктем әні» музыкалық — поэтикалық қойылымын ұсынды. Бұл қойылымда қазақ поэзиясының классиктері мен қазіргі жас ақындардың өлеңдері алма-кезек оқылды. Сонымен қатар қазақ әнінің «алтын ғасырын» жасаған композиторлар мен бүгінгі жас композиторлардың әндері шырқалып, композициялық қойылым режиссерлік және хореографиялық шешімдер арқылы өрнектеле түсті. Өнерпаздар көрерменді ананы құрметтеу, махабатты аялай білуге шақырды. Түркістан өнерпаздары көктемді, ананы, аруларды ән мен жырға қосты.
Бүгінде Түркістан өңірінде кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар. Оның 68 000 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни, шағын және орта кәсіпкерліктің 31 %-ында іскер ханымдар басшылық жасап жатыр. Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5 мыңнан аса мемлекеттік қызметшінің 27%-ын нәзікжандылар құрайды.
Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда. Сонымен бірге қазақтың қайсар қыздары мен ардақты аналары білім беру, медицина және өзге де салаларда абыройлы еңбек етіп жүр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

20.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған