• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 21 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?

29.02.2024
in Басты ақпарат
Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?

1 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады.

Оқи отырыңыз...

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025

Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, айқындайды.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2024 жылдың 1 наурызынан маусым айының соңына дейін жалғасады.

Резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада тағайындалуы мүмкін.

Сайтта қалай тіркелуге болады?

Іріктеуге қатысу үшін а.ж. 1 наурызынан 31 наурызына дейін onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында жеке деректерді көрсету арқылы тіркелу қажет. Құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей құжаттарды жүктейді.

«Жеке деректер» бөлімінде дұрыс байланыс деректерін көрсетумен қатар, үміткерлер кадр резервінің өңірін және салалық бағытты таңдауы қажет. Екі және одан да көп өңірлік резервті немесе салалық бағыттарды таңдауға, сондай-ақ өңірлік резервті немесе салалық бағытты қайта таңдауға жол берілмейді.

Сәтті тіркелу үшін іріктеуге қатысушыларға белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдау қажет. Барлық қажетті файлдар жүктелуі керек.

Жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Өңірлік резервке іріктеуге қатысқысы келетін азаматтар келесі құжаттарды қосып өтініш беру керек:

— Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

— бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi;

— соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Өңірлік резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау (1 наурыздан 31 наурызға дейін);

2) заңнаманы білуге (5 сәуірден 9 сәуірге дейін) тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау (13 сәуірден 14 сәуірге дейін);

3) құзыреттерді бағалау (22 сәуірден 7 маусымға дейін);

4) өңірлік комиссиядағы құрылымдық сұхбат (13 маусымнан 15 маусымға дейін);

5) өңірлік комиссияның отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау (15 маусымнан 17 маусымға дейін).

Бірінші кезеңге қалай жазылуға болады?

Бірінші кезең «Заңнаманы білуге тестілеуге» жазылу тапсырылған өтінімнің қабылданғанын растайтын хабарламаны алған сәттен бастап 2024 жылдың 31 наурызы сағат 23:59-ға дейін қолжетімді болады.

Кері байланыс

Тіркелу кезінде туындаған сұрақтар бойынша үміткерлер onir.pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чаты арқылы тәулік бойы қолдау қызметіне, консультация алу үшін сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін 7 7172 96-77-77 телефоны (ішкі нөмір — 3) және info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хабарласа алады.

Сондай-ақ onir.pkrezerv.gov.kz платформасының «Байланыс» бөлімінде Өңірлік кадр резерві бойынша өңірлердегі жауапты мамандардың байланыс деректері көрсетілген.

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

СОЗАҚТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JASSAQ» ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

20.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған