• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨҢІРДІҢ ТАЛАНТТАРЫ ТӨРГЕ ШЫҚТЫ

21.02.2024
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨҢІРДІҢ ТАЛАНТТАРЫ ТӨРГЕ ШЫҚТЫ

«Түркістан таланттары» жобасы бастау алғалы облыс орталығында, содан соң аудан, қалаларда қаламгерлердің кеші өткізіліп, оқырман қауымның ерекше ықыласына бөленіп жүр. Тәрбиелік маңызы бар жоба бүгін Сайрам ауданында жалғасты. Кеш кейіпкер ретінде ауданның тумасы, қарымды қаламгер Нұрғиса Төремұратовпен және белгілі жас ақын Мұқағали Кенжетайұлымен кездесу өтті. Кеште ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым модераторлық етіп, кейіпкерлер шығармашылығын елге танытуға атсалысты.
Алдымен келушілерге «Өлең – сөздің патшасы» тақырыбында жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Алипов, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов кешті ашып берді. Кеш кейіпкерлеріне Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов атынан алғыс хат табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Кеш кейіпкерлері сахна төрінде жиналған көрерменге өлең оқып, келушілермен сырласты. Қаламгерлер жайлы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп оқушылары ақындардың өлеңін оқып, әдебиетке асқан қызығушылық танытты. Әдеби-мәдени кеште ақындар сөзіне жазылған әндер шырқалды.
Айта кетейік, аталған жобаны өңірдегі қаламгерлердің өнерін қалың оқырманға таныстыру мақсатында Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе ұйымдастырған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

10.04.2026
Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды⁣⁣

11.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ⁣⁣

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ⁣⁣

11.04.2026
ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған