• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Депутаттар Арыс қаласының халқымен кездесті

16.02.2024
in Басты ақпарат
Депутаттар Арыс қаласының халқымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының аудан, қалалардағы халық алдында есеп беру кездесулері жалғасын табуда.
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Е.Қосмамбетов теміржолшылар мекені атанған, тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, қала халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуді Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова жүргізіп отырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

10.04.2026
Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026

Алғашқы сөз депутат Е.Қосмамбетовке беріліп, ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихатта атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада Арыс қаласына 2023 жылы түрлі сала бойынша 50 нысанға 6 миллиард 588 миллион теңге бөлінгендігін, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 920 миллион, ұлттық қордан — 2 миллиард 655 миллион, облыстық бюджеттен — 2 миллиард 997 миллион теңге қаралғанын айта отырып, осы нысандар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Кейіннен халық қалаулылары арыстықтардың ауыз сумен, электр энергиясымен қамту сынды көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Кездесуді қорытындылаған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов Арыс қаласының экономикалық-әлеуметтік дамуына тоқталып, бүгінде облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының басшылығымен облысқа инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, бизнес саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. Сондықтан, қаланың экономикасын көтеру үшін кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.
Жалпы, тұрғындар осындай есеп беру кездесуін өткізген депутаттарға алғыстарын білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесуден соң, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жеке қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының мәселелерін тыңдады.
Жеке қабылдауда қала тұрғындары көтерген барлық мәселелерді бақылауға алып, қала әкімдігіне тиісті ұсыныстар енгізді.

Түркістан облыстық мәслихаты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды⁣⁣

11.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ⁣⁣

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ⁣⁣

11.04.2026
ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЗИЯТКЕР ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған