• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Халық қалаулылары Түлкібас ауданының халқымен кездесті

15.02.2024
in Басты ақпарат
Халық қалаулылары Түлкібас ауданының  халқымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Д.Егамбердиева, Н.Шақимергенқызы облыстық мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Түлкібас ауданының халқымен кездесті.  Кездесуді Түлкібас ауданының әкімі Н.Ізтілеуов жүргізіп отырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

10.04.2026
Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026

Кездесуге  аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына тоқталып, депутаттар тарапынан ауданның дамуына барынша қолдау көрсетіліп жатқандығын жеткізді.

Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Н.Шақимергенқызы                2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Түлкібас ауданына 2023 жылы түрлі сала бойынша жалпы 42 нысанға 3 миллиард 56 миллион теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен — 246 миллион, ұлттық қордан — 416 миллион, облыстық бюджеттен — 2 миллиард 394 миллион теңге) бөлінгендігін айтты.

Депутат Д.Егамбердиева жастарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету бойынша жұмыс жасап жатқан бағдарламаларға тоқталды. Сонымен қатар, ол Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде балалар арасындағы суицидтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша арнайы жобаларды іске асыру жоспарланып  отырғандығын жеткізді.

Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен        ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан  жайылым жерлер туралы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамту, заманауи мәденеиет үйлері мен спорт залдарын салу сынды мәселелер көтеріліп, депутаттар бұл мәселелерді назарға алды.

Жалпы,  аудан халқы депутаттардың жұмысын оң бағалап,  алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Кездесуден соң, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының  мәселелерін тыңдады.

Жеке қабылдауда аудан тұрғындары көтерген барлық мәселелерді бақылауға алып, аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар енгізді.

Түркістан облыстық мәслихаты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкент: в Абайском районе прошла акция «Таза Казахстан»

11.04.2026
Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

11.04.2026
В Каратауском районе прошла акция чистоты в рамках программы «Таза Казахстан»

Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасы өтті

11.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған