• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ КЕЛЕСТЕГІ КЕЗДЕСУЛЕРІ

15.02.2024
in Басты ақпарат
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ КЕЛЕСТЕГІ КЕЗДЕСУЛЕРІ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Б.Басымбек  облыстық мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Келес ауданының халқымен кездесті.  Кездесуді Келес ауданының әкімі Ж.Ағыбаев жүргізіп отырды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

10.04.2026
Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026

Кездесуге  аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов осы жылы алғаш рет осындай кездесулердің өтіп жатқандығын, алдағы уақытта жыл сайын ұйымдастырылатындығын айтты.

Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Ж.Ағабеков                      2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Келес ауданына 2023 жылы түрлі сала бойынша жалпы 45 нысанға   6 миллиард   574,7 миллион теңге (оның ішінде ұлттық қордан — 2 миллиард 761,7 миллион, облыстық бюджеттен — 3 миллиард 813 миллион) бөлінгендігін айтты.

Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен        ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан  ауыз сумен қамтамасыз ету, «Ұшқын» ауылдық округіндегі мәдениет үйіне күрделі жұмыс жүргізу және кәсіпкерлік саласы бойынша мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды көбейту сынды мәселелер көтеріліп, депутаттар бұл мәселелерді назарға алды.

Жалпы,  аудан халқы депутаттардың жұмысын оң бағалап,  алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Кездесуден соң, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов Келес ауданы, Бірлік ауылдық округі тұрғындарынан келіп түскен арыз бойынша арнайы жиын өткізді. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Б.Басымбек, Бірлік ауылдық округі әкімі, Бірлік ауылдық округінің тұрғындары және Келес ауданы әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.

Жиында ауыл тұрғындары көтерген газдандыру, сапалы ауыз сумен қамту,  көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу,  жұмыссыздарға кәсіп ашуға жеңілдетілген несие беру туралы 4 мәселе қаралды.

Осы мәселелер бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды.

Түркістан облыстық мәслихаты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби ауданы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты

Аль-Фарабийский район принял участие в акции «Таза Казахстан»

11.04.2026
Әл-Фараби ауданы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты

Әл-Фараби ауданы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты

11.04.2026
Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкент: в Абайском районе прошла акция «Таза Казахстан»

11.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған