• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ДЕПУТАТТАР ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

13.02.2024
in Басты ақпарат
ДЕПУТАТТАР ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ  ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары аудан, қалаларда халық алдында мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беруде.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған ауқымды бизнес-кездесу өтті

10.04.2026
Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026

Осы мақсатта, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Б.Серманизов Шардара ауданының халқымен кездесті. Кездесуді Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Сапаров жүргізіп отырды.

Кездесуге  аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов мұндай әр аудан, қалаларда сайлаушылар алдында халық қалаулыларының есеп беруі алғаш рет өткізіліп отырғандығын және алдағы уақытта жүйелі түрде ұйымдастырылатындығын айтты.

Одан бөлек, мәслихат төрағасы облыс орталығы атанған Түркістанда үлкен жұмыстар атқарылғандығын, қазіргі таңда аудандардағы өзекті мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлініп отырғандығын жеткізді. Осы орайда облыс әкімі Д.Сатыбалдының бастамасымен облысқа инвестиция тарту, ірі өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа жобалар қолға алынғандығымен бөлісті.

Жиын барысында депутат Б.Серманизов 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол баяндамада облыстық мәслихатта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Шардара ауданына 2023 жылы түрлі сала бойынша 66 нысанға 4 миллиард 227 миллион теңге бөлінгендігін, оның ішінде: республикалық бюджеттен — 238 миллион теңге, ұлттық қордан — 1 миллиард 391 миллион теңге, облыстық бюджеттен — 2 миллиард 599 миллион теңге қаралғанын айта отырып, осы нысандар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен         ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік және ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

Жалпы,  аудан халқы осындай есеп беру кездесуін өткізген депутаттарға алғыстарын білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облыстық мәслихаты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкент: в Абайском районе прошла акция «Таза Казахстан»

11.04.2026
Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

11.04.2026
В Каратауском районе прошла акция чистоты в рамках программы «Таза Казахстан»

Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасы өтті

11.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған