• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 17 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасы басталды

05.01.2024
in Басты ақпарат
Қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасы басталды

Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік ортасын қалыптастыру және де осы процесске ел азаматтарын жаппай тарту.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

13.04.2026
7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

13.04.2026

Бұл жоба Мемлекет басшысы атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру мен қоғамдағы Заң және құқықтық тәртіп үстемдігін қалыптастырудағы нақты қадамдардың бірі болмақ. «Біз құқық бұзушылық жасау, пара беру немесе әлсізге қолын көтеру туралы ойдың өзін айыптайтын қоғамға айналуымыз керек. Бұл қиын жұмыс, бірақ бұл жолды еңсеруіміз қажет. «Әділдік жолы» командасы 2 жыл бойы белсенді жұмыс істеп, қоғамда құқықтық сауаттылық бойынша олқылықтар бар екеніне көз жеткізді. Осы уақыт аралығында adildik.kz сайты мен 1463 байланыс орталығына түскен 8 мыңға жуық азаматтың өтінішін қарастыра келе, халықтың Заң мен Ереже туралы білімдерін арттыру арқылы көп мәселелерді қылмысқа апармай шешуге болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов. Атап айтқанда, «Әділдік жолы» бірлестігінің жұмысының арқасында 1206 тұлға түрлі заң бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп, 800 млн. теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылып, 76 қылмыстық іс қозғалған. «Заң үстемдігі» жобасына ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Әрбір тұрғын сыбайлас жемқорлық фактілері (кез келген саладағы) мен басқа да мәселелерін 1463 Call-орталығы немесе Adildik.kz сайты арқылы хабарлап, өз сауалдары бойынша құқықтық кеңестер мен көмек ала алады. «Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді атсалысуға шақырамыз. Әділетті Қазақстанды бізге ешкім дайын күйде алақанымызға салып бермейді: оны өзіміз құрамыз!» – деді Дидар Смағұлов. Анықтама үшін: «Әділдік жолы» РҚБ 2020 жылдың қарашасында құрылған. Мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында 15,1 млрд. теңгеге бағаны көтеру және заңнаманы бұзу бойынша 1000-ға жуық фактілер анықталған. Осы және өзге де фактілер бойынша 300-ден астам мемлекеттік орган басшылары мен басқа да тұлғаларға жалпы сомасы 264 миллион теңге айыппұл салынды. Заңды тұлғаларды қосқанда 626 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ұйғарым шығарылды. Құқықтық кеңес беру және сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында 900-ден астам ауылға сапарлар ұйымдастырылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАС ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МАШЫҒЫ АРТТЫ

ПОВЫШЕНА БОЕВАЯ ВЫУЧКА МОЛОДЫХ ВОДИТЕЛЕЙ

17.04.2026
ЖАС ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МАШЫҒЫ АРТТЫ

ЖАС ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МАШЫҒЫ АРТТЫ

17.04.2026
В Шымкенте усиливается общественная безопасность с использованием цифровых технологий

В Шымкенте усиливается общественная безопасность с использованием цифровых технологий

17.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған