• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 19 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ — БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

24.11.2023
in Басты ақпарат
ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ — БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы жарияланғанына бір жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында еліміздің барлық аймағында түрлі жобалар қолға алынып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Президент Қ.Тоқаев: «Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр. Елімізде барлық балалар тұрғылықты жері мен оқу тіліне қарамастан, іргелі білімге және жайлы білім беру инфрақұрылымына теңдей қол жеткізе алады. Алдағы 7 жылда оқуға қолайлы жағдайы бар 1,5 миллион оқу орны ашылады. Жыл сайын шағын қала, аудан орталығы мен ауылдарда кемінде мыңнан астам мектеп заман талабына сай жаңартылатын болады» деген болатын өз сөзінде.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19.05.2025
Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары

Елорданың жағажай аймақтарын зерттеу жұмыстары

18.05.2025

Нақты сектор табысқа ие болуда: кәсіпкерлер «Ulttyq ónim»көрмесінде өз жетістігін паш етті

18.05.2025

«AMANAT» партиясының өңірлік Жол картасында үшінші шаһарда оқушылар сарайын салып, пайдалануға беру туралы арнайы тармақ бар. Міне сол тапсырма бүгінгі таңда сәтті орындалып, мыңдаған оқушылар аталмыш орталықта түрлі үйірмелерге қатысуда. Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №642 қаулысына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны құрылып, ағымдағы жылдың 25 шілдесінен бастап өз жұмысын бастады.

— Қосымша біліммен қамтудың мақсаты – баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуын жүзеге асыруына жағдай жасау, адамгершілігі үйлесімді дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеу, балаларды экологиялық мәдениетке баулу, оларды табиғат қорғау қызметіне тарту, қоғамдағы өмірге бейімдеу, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру болып табылады , — дейді мекеме басшысы Данияр Дүйсенбайұлы.

Бүгінгі таңда, оқушылар сарайында 6 бағыт бойынша 65 үйірмеге 4590 бала қатысуда. Атап айтқанда;
1. Көркем- эстетика бағыты — қыш өнері, қол өнері, ағаш өңдеу, бейнелеу;
2. Музыка бағыты: вокал, фортепьяно, қыл қобыз, прима қобыз, жетіген, гитара, домбыра, баян, скрипка, саксафон, флейта, барабан, драма, қуыршақ театры;
3. Гуманитарлық бағыт бойынша – журналистика, шешендік өнер, дебат өнері, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, кітап оқуға баулу, поэзия және проза, жас ақын;
4. Ғылыми-техникалық бағыт – экология, КИП автоматика, гидропоника, 3Д модельдеу, ІТ программалау, физика, химия, биотехнология, бағдарламалау, КИП және автоматика;
5. Психологиялық бағыт – логопед, дефектолог, сенсорлық кабинет;
6. Спорт және сауықтыру — еркін күрес, греко-рим күресі, дзю-до, қазақша күрес, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, кикбоксинг, бокс, каратэ, таеквандо, фитнес, бассейн.

№2 Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысу үшін құжаттар қабылдау Mindal24.kz электронды порталы арқылы жүзеге асырылады.
Материалдық-техникалық базасы білім беру мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне, санитарлық, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін №2 Оқушылар сарайы ғимараты 2023 жылы салынған. Үш қабатты типтік ғимарат жеке абаттандырылған, аумағы қоршалған жер учаскесінде орналасқан. Орталықта 232 оқу кабинеті, жабық бассейн, футбол, баскетбол және ашық спорт алаңдары, кітапхана, медициналық пункт бар. Аумақтың периметрі бойынша сыртқы электр жарығы орнатылған.

Жалпы жобалық қуаты 500 оқушыға есептелген Оқушылар сарайы ғимараты орталықтандырылған инженерлік желілерге (суық сумен жабдықтау, кәріз) және орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.
Аталмыш ғимарат
— Аз ғана уақыттың ішінде біздің 11 оқушымыз республикалық жарыстардан бас жүлде алып келсе, 16 оқушымыз 1-орынды, 23 оқушымыз 2-орынды иеленді, ал қалалық деңгейдегі жарыстардан 46 оқушымыз 1-орын, 23 оқушымыз 2-орын алып қуанып жатқан жағдайымыз бар,- деген Данияр Дүйсенбайұлы жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы да айтып өтті.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19.05.2025
ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

18.05.2025
ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

18.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған