Қазақстанның үшінші мегаполисі саналатын Шымкентте демалатын орны көп, көрікті мекендері мол қала. Десек те жасыл қала саналатын дәл осы шаһарда талдар мен өсімдіктердің үлесі 6 пайызды ғана құрайды. Металлургия және химия өнеркәсібінің ертеден бастау алуы да топырақтың ластануының бірден бір себебі. Бүгінгі таңда қала аумағының 10,4 пайызы(116 км2) ластанған. 5500-ге жуық жергілікті ластау көздері тіркелген. Осы және өзге де ауқымды тақырыптар төңірегінде А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен халықаралық семинарда сөз болды. Шымкент қаласының тұрғыны, экология тақырыбына бейжәй қарамайтын азамат әрі мәслихат депутаты ретінде қаламыздың инфрақұрылымы, экологиялық проблемалары толғандырады.
Аталмыш жиынға қала әкімшілігінің осы салаға қатысты барлық басқарма өкілдері, Еуропа қайта құру және дамыту банкі Қазақстан бойынша мамандары, эколог ғалымдар, СПК Шымкент және тағы басқа сала мамандары қатысты. Шымкент шаһарының су қоймаларындағы су сапасыз, кей жерлерде орташадан төмен көрсеткішке ие. Қала күн санап аумағы үлкейіп жатқаны баршаңызға мәлім. Міне, осы жаңа құрылыс мекендерінде көпқабатты үйлердің жанынан сквер, саябақ, аллея қарастыру қажет. Ескі ағаштарды мейлінше сақтап, олардың қатарын көбейту арқылы, тиімді суғару жүйесін ойластыру арқылы және автотұрақ немесе басқа да құрылыс көзі үшін жасыл желектерімізге тимей сақтауымыз қажет.
Экологияның тазалығы тек алпауыт кәсіпорындардың жұмысына ғана байланысты емес. Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға әрқайыссымыз аянбай атсалысуымыз тиіс.
#AMANAT