• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 16 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20.10.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «МЫҢ БАЛА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды облыстық байқауы өтті.

Оқи отырыңыз...

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025

Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев байқаудың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Түркістан облысы – түрлі тағдырмен киелі қазақ жеріне еріксіз жер аударылған және бұрыннан осында мекен еткен этнос өкілдерінің құтты қонысы. Бұл орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап қолға алынған «Мың бала» байқауы өңірімізде тұратын түрлі этностардың балалары мен жастарына мемлекеттік тілді үйренуге, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білуге мүмкіндік береді. Халқымызда «Өнерлі өрге жүзер» деген ұлағатты сөз бар, облысымызда байқауға қатысушылардың белсенділігі де жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ мәдениетін тануға үндеген жоба биылғы 1 сәуірінен 19 қазанға дейінгі кезеңді қамтып, өңіріміздің аудан, қалаларында 7 байқау бойынша өткізілді. Елдік құндылықтарды ұлықтаған байқауға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жастары, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Жас таланттардың шеберлігін шыңдаған байқауға өз саласының білгірлері, мәдениет, өнер саласының майталман мамандары қазылық етті. Әділқазылар мүшелері қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына, актерлік шеберлігіне, таңдап алынған шығарманың ерекшелігіне мән берді.

Байқауда қазылар қатарында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Иманәлі Сайманов, Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері Тоғжан Кенжебаева, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Мұрат Жұманов болып, төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы мен облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде, «Қазақ тілін оқыту бойынша авторлық бағдарламаларды қолданысқа енгізу» байқауы бойынша 1 орынды – Созақ ауданының тілдерді оқыту және дамыту орталығы, 2 орынды – Жетісай ауданының тілдерді оқыту және дамыту орталығы, 3 орынды – Ордабасы ауданының тілдерді оқыту және дамыту орталығы иеленді. Ал, «Өнер алды – қызыл тіл» байқауында түркістандық Мадина Хакимжанова топ жарса, «Өнерлі өрге жүзер» байқауында саурандық Дильноза Таджимет, «Жарқыра, жас дарын!» байқауында отырарлық Иван Клименко, «Мен жастарға сенемін» бейнероликтер байқауында келестік Рухшона Нармаматова үздік шықты. Сондай-ақ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» байқауында 1 орынға — «Игілік» бөбекжай балабақшасы (Жетісай ауданы), 2 орынға — «Ажар» бөбекжай балабақшасы (Түлкібас ауданы), 3 орынға — Мақтаарал ауданы «Бибіхан» бөбекжай балабақшасы лайық деп танылды. Бұдан бөлек, «Қазақстан халқының тілдері күніне» арналған жалпықазақстандық диктант жазу жарысында Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп (Түркістан қаласы), Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп (Сауран ауданы), Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі (Сайрам ауданы) ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары қараша айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған