• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАНДА КЕРАМИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР ШЫҒАРАДЫ

10.10.2023
in Басты ақпарат
ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАНДА КЕРАМИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР ШЫҒАРАДЫ

Түркістан облысында тәулігіне 30 мың шаршы метрден астам керамикалық плитка шығаратын зауыт салынады. Инвестициялық жобаның құны 17 млрд. теңгені құрайды. Жаңа зауытта 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзбекстандық «Orient pro» компаниясының құрылтайшысы Улугбек Расуловпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, ұсыныстарын жеткізді.
Аталған компания Түркістанға ауқымды инвестициясын салып, бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, өңірде керамикалық өнімдер мен шыны шығаратын зауыт ашуға ниетті. Өндіріске қажетті шикізат жергілікті жерден алынады. Зауыт замануи технологиямен жабдықталады. Өндіріс шығынсыз, әрі экологиялық таза. Халықаралық сапа стандарттарына сай өнім шығарады.
Жаңа зауыт Түркістан өңіріндегі құрылыс алаңдарында қолданылатын отандық өнімдердің үлесін арттырмақ. Облыс әкімі инвестициялық жобаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізіп, компанияның нақты жобаларды жүзеге асыратынына сенім білдірді.
– Бұл жобалар өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, қолайлы жағдай жасалады. Жобаларды іске асыруға арналған инфрақұрылым бойынша сұраныстарыңызды толық орындаймыз. Арнайы экономикалық аймақтан жер, инфрақұрылым ұсынамыз. Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының Түркістан облысының дамуында ерекше маңызы бар екенін атап өткім келеді. Түркістан – қасиетті шаһар. Қасиетті қалада айтылған уәделер, сөздер орындалуы керек. Әріптестігіміз нығайып, жобалар жүзеге асады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Жобаны іске асыруға Түркістан облысының арнайы экономикалық аймағынан жер бөлу жоспарлануда. Түркістан өңірінде индустриалды аймақтардардың аумағы кеңейтілген. Сонымен қатар инвестициялар тартудың қолайлы экожүйесін құру жүзеге асуда. Инвесторларға индустриалдық аймақтар мен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы аумақтарында «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптік алаңдары ұсынылады.
Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған