• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 13 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Медиация — оңтайлы шешім

09.10.2023
in Басты ақпарат
Медиация — оңтайлы шешім

«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.

Оқи отырыңыз...

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

12.03.2026
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

12.03.2026
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН МАЗМҰНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

12.03.2026

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық, тағы басқа құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданылады. Азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның нәтижесінде анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады. Елімізде «Медиация туралы» заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енді. Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

Медиаторға жүгіну керек пе, жоқ па дегенді тараптар өзара келісіп шешеді. Мұндай жолмен мәселенің шешілуі мүмкін болмаған жағдайда олардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация барысында тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз, сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі.Сонымен қатар тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны мен медиацияны жүргізу барысында қай тілдің қолданылатыны жайында келісе алады. Тараптардың келісімімен медиатор медиацияның жүргізілу күні мен уақытын белгілейді.Медиацияның мақсаты-дауды шешудің медиацияның екі тарапынан да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу; тараптардың даулаушылық деңгейін төмендету. Осы мақсат-міндетін қолға алсақ, біраз мәселені оңтайлы шешуге зор мүмкіндік болар еді.

Медиацияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету, тараптардың сот отырыстарына қатысуынан уақыттарын жоюға жол бермеу болып қалыптасқан. «Медиация туралы» заң бітімгерлік рәсімдер институтын ұйымдастыру және оның қызметінің тәртібін белгілейтін бірқатар баптардан тұрады, бітімгерлік рәсімдер институты қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді және медиатордың қатысуымен дауларды шешу жөніндегі қатынастарды реттейді.Медиатор – тараптардың дауларын реттеу мақсатында олардың арасында бітістірушілік рәсімдерді жүзеге асыратын дербес тұлға. Қолданыстағы заңның 4-бабы негізінде бітімгерлік рәсімдерді жүргізетін медиатор тараптардың тең құқықтылығы мен әділеттілігін сақтауы тиіс. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды билер, шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріліп дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылады.

Сандуғаш МАУПАС,

Кәсіби медиатор.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді

12.03.2026
Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

Шымкентте шахмат шеберлері бас қосты: әлемдік жарыстарға жолдама сарапқа салынады

12.03.2026
Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі

12.03.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған