• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ШУША ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТІП ЖАТЫР

06.10.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ШУША ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Түркістан қаласында Әзербайжан Республикасынан қонақтар келді. Шуша қаласы күндерінің ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Гюнай Эфендиева, Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша қаласындағы арнайы өкілі Айдын Керимов, Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Агалар Атамогланов қатысты.
– Сіздермен тарихи, жаңарған Түркістанда жолығып тұрғаныма қуаныштымыз. Өздеріңіз білетіндей, Түркістан – түркі елдерінің рухани орталығы. Былтыр Қазақстан Президентінің Бакуға ресми сапарының аясында біраз құжатқа қол қойылды. Екі еларасындағы стратегиялық қатынастарды нығайтатын маңызды келісімдер жасалды. Сол сапарда екі елдің Президенттері Түркістан мен Шуша қалалары арасында бауырлас қарым-қатынастарды орнату туралы хаттамаға қол қойған болатын. Міне, бүгін Түркістан мен Шуша бауырлас қалалар ретінде бірлесе іс-шара өткізіп отыр. Түркістан да, Шуша да тарихта орны бар қаһарман аймақтар. Сондықтан бір-бірімен байланыс орнатуы – заңдылық. Бүгін облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы Әзербайжан делегациясын арнайы қабылдап, экономикалық байланыстар туралы тереңнен қозғады. Әзербайжан мен Түркістан арасындағы экономикалық, рухани, мәдени және туристік байланыстар нығая түседі деп сенемін. Қос тарихи қаланың абыройы асқақтай берсін! – деді облыс әкімінің орынбасары
«Farab» кітапханасында өтіп жатқан шарада Шушаның тарихы мен мәдениетін сипаттайтын суретшілер көрмесі жасақталған. Ал дизайнер және модельер Гүлнара Халилованың «Карабахтың ұлттық киімдері» сән үлгісі көпшілікті сүйсінтті.
Шара барысында «Хуршидбану Натаван» атты деректі фильм көрсетілді. Әзербайжанның мугам-триосының өнері (солист, тар, кяманча), Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының бастауымен құрылған «7 сұлу» музыкалық ансамблінің концерті көрермен назарына ұсынылды. Кеш соңында қор президенті естелік сый табыстап, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, 4-5 қазан күндері Астана қаласында бастау алған Шуша қаласының күндері Түркістанда ертең де жалғасады. Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қоры мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті арасында меморандумға қол қойылады. Сонымен бірге меймандар қаланың көрікті орындарын аралайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған