RIZAMYZ әлеуметтік жобасы аясында Астанада фотокөрме ашылды.
«Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде ТЖМ қызметкерлерінің 112 портреті ұсынылған — олар өрт сөндірушілер, құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтар, медицина қызметкерлері, ұшқыштар, психологтар және әскери қызметшілер.
Ұсынылған фотосуреттердің ішінде Шымкент қаласы ТЖД 7 қызметкері бар.
Әрбір портретте QR — код бар, оны сканерлеу арқылы Нұрбек Тәукеевтің, Роман Письменскийдің, Асхат Қалыбаевтың, Шухрат Халметовтың, Әділет Жорабектің, Дәулет Шаменовтың, Үсен Рахматуллаевтың — фотокөрме кейіпкерлерінің өміріндегі жарқын оқиғаларды білуге болады.
Қара QR коды тақтайшасы rizamyz.com сайтына кіруге көмектеседі, онда қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан 11 құтқарушының ерліктері туралы айтылады. Батырлардың арасында 2014 жылы «Planta» ЖШС фармацевтикалық заттарды сақтау қоймасында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан Жұлдызбек Есеналиев бар.
Көрме Қазақстанның BI Group инновациялық Холдингінің қолдауымен 19 қазанда атап өтілетін кәсіби мереке – Құтқарушылар күні қарсаңында ұйымдастырылды .
RIZAMYZ Qutqarushi 20 қазанға дейін жалғасады.
Шымкент қаласы
ТЖД қоғаммен байланыс тобы.