• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 2 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «МУЗЕЙЛЕР ШЕРУІ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

29.09.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА «МУЗЕЙЛЕР ШЕРУІ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Түркістанда апта сайын өтіп жатқан «Музейлер шеруі» кеңейтілген көшпелі көрмесі жалғасын тапты. Бұл жолы Түркістан облысының мақта шаруашылығы музейі, Қазығұрт аудандық музейі, Созақ аудандық Сұлтанбек Қожанов музейі, Кентау қалалық музейі, Арыс қаласының музейі «Музей – құндылықтар ордасы» атты көрмені жасақтады.
«Ұлы дала елі» орталығында ұйымдастырылған шараға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты. Музейге келушілер әр ауданның қалыптасу тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы дамуы: экономикасы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі, ауданның танымал тұлғалары туралы ақпаратқа қанығып, музейдің құнды жәдігерлер коллекциясын тамашалады. Көрме жұма, сенбі күндері аталған орталықта жалғасады.
Түркістан облысының 5 жылдығына арналған шараның мақсаты – Түркістан облысының тарихы мен мәдениетін, рухани құндылықтарын, аудандардан шыққан елімізге танымал тұлғалардың және музейлердің құнды жәдігерлерін, Түркістан облысының бүгінгі жаңғыруы мен жетістіктерін халыққа насихаттау.
Мақтарарал ауданының ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты – шитті мақта өндіру. Көрме барысында Түркістан облысының мақта шаруашылығы музейінің қорындағы мақта түрлері, аудан өнеркәсібі мен экономикасының дамуына үлес қосқан Еңбек ерлері Жұмагүл. Сәуірбаеваның, Шаблан Діләбековтың жеке заттары, марапаттары, мақта алқабының фотосуреттері мен музей қорындағы мақта өлшейтін таразы, мақта теретін «Фардзон» тракторының макеті, құнды жәдігерлері таныстырылды.
Арыс қаласының музейі Арыс темір жол станциясының құрылуы, қаланың дамуынан сыр шертетін сәулеттік ескерткіштерінің макеттері, теміржолдың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан Еңбек ерлері Сырлыбай Байжановтың, Көпжан Мұхамеджановтың, Әуесхан Салықбаевтың, Әбдуәлі Балғынбековтың тұтынған бұйымдары, сондай ақ темір жолда қолданыста болған заттар көрмеде көпшілік назарына ұсынылды.
Созақ аудандық Сұлтанбек Қожанов музейі көне Созақ қалашығынан табылған түрлі формадағы қыш ыдыстар, ертеде күнделікті тұрмыста пайдаланған ыдыс түрлерін және С.Қожановтың өмір жолын баяндайтын фотосуреттер, архивтік құжаттардың көшірмелері көрмеде көрініс тапты.
Кентау қалалық тау-кен ісі музейінің көрмесінде Кентау қаласының құрылу тарихы және геологиялық барлау нәтижесінде жинақталған бірегей минералды тастар мен рудалардың түрлері көрсетілді. Атап айтқанда кальцит, мырыш, қорғасын, барит, тағы басқа.
Қазығұрт аудандық музейінің көрмесінде өңірдегі тіршіліктің пайда болу тарихы, суда тіршілік еткен түрлі жәндіктердің тістері, орта ғасыр кезеңінің монеталары және этнографиялық бұйымдар көрініс тапты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Туризм саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Туризм саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

02.06.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ

02.06.2025
Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзіёйй

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзіёйй

01.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

02.06.2025
ҰСТАЗ БОЛУ — ҰСТА БОЛУ ДЕГЕН СӨЗ

ҰСТАЗ БОЛУ — ҰСТА БОЛУ ДЕГЕН СӨЗ

02.06.2025
Туризм саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Туризм саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

02.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған