• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

27.09.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық көше театрлары фестивалі басталды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық көше театрлары фестивалінің қонақтары мен Қазақстан, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен келген үздік 13 өнер ұжымы қызыл кілемнен жүріп өтті.
Салтанатты шараның ашылуына ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
– Көше театры – театр өнерінің ең көне түрі. Қазіргі таңда мұндай фестиваль өткізу әлемнің барлық елінде қалыптасқан дәстүрге айналды. Бүгінгі Халықаралық фестивальдің Түркістанда өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Өйткені биыл облыстың құрылғанына 5 жыл болып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы мәдениет саласын дамытуға тапсырған болатын. Нәтижесінде облыс орталығында игі бастамалар қолға алынып, жаңа мамандар келіп жатыр. Облыста театр саласында да оң өзгерістер орын алуда. Міне, соның бірі осы фестиваль болса, жыл соңына дейін Райымбек Сейтметов ағамыздың 85 жылдығына орай республикалық театр фестивалі өтеді. Барлығыңызға алғысым шексіз. Сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Шара барысында қонақтар арнайы жасақталған көрмемен танысты. Содан соң ұлттық ән мен би қамтылған концерттік бағдарламаға ұласты. Әрі қарай фестивальге қатысушыларға арналған дөңгелек үстелге жалғасты.
Айта кетейік, фестиваль мақсаты – жастарды азаматтық-патриоттық бағытта тәрбиелеу, көше театрларының мәдениетін көтеру арқылы оның мәдениеттен ажырамас бөлігі ретіндегі рөлін жаңғырту, белсенді қоғамдық бағыт ұстануына жағдай жасау, түркістандықтар мен рухани астана қонақтарының мәдени демалысын ашық алаңдарда театр қызметі формасында дамыту және жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Еліміздің және шетел көше театрларының мәдениетімен көпшілікті таныстыратын фестивальде бекітілген кестеге сай, екі күн бойы қаланың рухани-мәдени орталығында өнер көрсетіп, бақ сынайды. Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы жіті қадағалап, төрелігін айтады. Фестиваль қорытындысына сәйкес жеңімпаз деп танылған ұжымдарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған