• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 16 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

26.09.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Түркістанда «Түркі әлемінің Этносәні» VI Халықаралық фестивалі басталды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен, «Qazaq Oner» ұлттық ассоциациясы, «Open Travel Advisory» ЖШС, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы және «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестивальге 9 елдің қолөнершілері мен дизайнерлері қатысуда. Этносән апталығы 20 қыркүйек күні Өзбекстанның Ферғана қаласында басталып, Түркістан қаласында жалғасын тапты.
Түркі халықтарының рухани жақындасуы және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында құрылған жобаға ТҮРКСОЙ басшылығымен қатар, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Моңғолия, Тыва Республикасы, Татарстан, Саха Республикасынан (Якутия) этнодизайнерлер, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінен қолөнершілер, суретшілер мен креативті индустрия өкілдері арнайы келді.
«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде күні бойы қазақстандық қолөнершілер жәрмеңкесінде ұлттық нақыштағы киім-кешектер, ұлттық аспаптар, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар мен түрлі ерекше тоқыма заттары ұсынылды. Жәрмеңке 26 қыркүйек күні де жалғасады. Сондай-ақ дизайнерлердің қатысуымен Түркістан қаласының көрікті жерлерінде фотосессия жасалды.
Фестиваль барысында түркітілдес елдердің 20 дизайнері «Сәндегі этникалық стильді дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстелде талқылау жүргізді. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің директоры Серік Сандыбаев қолөнершілер мен дизайнерлерге қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жиында этникалық саясаттың түрлі аспектілері мен этностар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болды. Ақпарат және тәжірибе алмасуға ықпал ететін ортақ жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру жайы да қаралды.
Бүгін, 26 қыркүйек күні сағат 09.00-ден бастап аталған ғимаратта Қазақстанның әр өңірінен келген жетігеншілер «Жетіген – көне қазақ музыкалық аспабын дамыту» тақырыбында авторлық шеберлік сағатын өткізеді. Ал Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде сағат 11.00-13.00 аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, педагог, профессор Айгүл Қосанованың «Ән-ғұмыр» атты авторлық шеберлік сағатына қатысуға мүмкіндік бар. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Халықаралық дизайнерлер одағының мүшесі, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, суретші Әсет Жақыпбектің жетекшілігімен өтетін конкурстық пленэрде Түркістан көріністері бейнеленеді. «Түркі әлемінің этносәні» VI Халықаралық фестивалі дефилемен қорытындыланады.
Айта кетейік, «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» атанған халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 1993 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия Республикасының мәдениет министрлері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. Кейіннен ТҮРКСОЙ-дың құрамына бірнеше ел енді. Биыл аталған ұйымның 30 жылдығы кең көлемде аталып өтуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

14.11.2025

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған