• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТЕРІСКЕЙДЕ

19.09.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТЕРІСКЕЙДЕ

Биыл 8 айдың ішінде Түркістан өңірінен 238 отбасы, оның ішінде 885 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Бүгінде олардың бірі кәсіпкер, бірі ауыл әкімі болып үлгерді. Күнгей өңірден теріскейге барған көштің қазіргі жағдайымен танысу мақсатында Түркістан облысынан аттанған арнайы топ Павлодар, Абай облыстарын аралауда. Делегация құрамында жауапты басқарма мамандары мен БАҚ өкілдері, депутаттар, әлеуметтік желі белсенділері бар.
Қоныс аударғандардың жағдайымен танысып, жұмыс күші жетіспейтін ауылдарды аралауға барған түркістандық жұмысшы топ әуелі Павлодардағы жұмыспен қамту басқармасының басшысы Альмира Аманқызымен, Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашевпен кездесті. Аталған аудан егін мен мал шаруашылығына қолайлы. Ең басты мәселе — маман тапшылығы. Оның ішінде мұғалімдер ауадай қажет.
— Солтүстікке көшіп барған түркістандық азаматтардың өмірлерін өз көзімізбен көріп жатырмыз. Өңірде кәсіпті өркендетуге мүмкіндік мол, бірақ жұмыс күші жетіспейді. Сапар барысында Төлеби ауданы, Көксәйек елді мекенінен 6 жыл бұрын Павлодар облысы Шарбақты ауылына көшіп келген Нұрсұлтан Қаппаровтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстық. Бүгінде оның жеке кафесі, шаштаразы, көлік жуу, самса сататын орындары бар. Екі қыз, бір ұл тәрбилеп отырған отбасы биылдың өзінде 10 отбасының көшіп келуіне себепші болған. Жыл соңына дейін тағы да 10 отбасы келеді деп отыр. Одан бөлек, Шымкент қаласынан биыл мамыр айында Павлодар облысы Шарбақты ауданының орталығына көшіп келген Аида Аманжоловамен жүздестік. Ол Шарбақты аудандық ауруханасында жас маман болып қызмет атқарады. Әріптестері Аидадай білікті маманның келгеніне қуанышты екендіктерін жеткізді,- дейді түркістандық делегация мүшесі, әлеуметтік желі белсендісі Қайрат Кәрібаев.
Сондай-ақ, небәрі 23 жастағы сайрамдық Зорёд есімді азамат Павлодар облысы, Константиновка ауылына 2019 жылы көшіп келген. Еңбекке жақын жігіт 3,5 гектар алқапқа 100 тонна картоп өнім алып отыр. Одан бөлек 400-ге жуық ірі қара малы да бар. Одан бөлек, Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекенінен көшіп келгеніне 4 жыл болған Тулкинжон Юсантаев та осы Константиновка ауылының тұрғыны. Қазіргі таңда ол 20 гектар егістік жерге пияз, тұрып, асқабақ, қырыққабат, қарбыз егіп, егін шаруашылығын өркендетіп отыр.
Осы уақытқа дейін Түркістан облысында солтүстік облыстарынан келген өкілдер бірнеше рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізіп, кездесулер ұйымдастырған болатын. Айта кетсек, мамыр айында «Tauekel» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов келіп, халықпен жүздескен. Нәтижесінде оңтүстік өңірінен 50-ге жуық отбасы теріскейдің тыныс-тіршілігімен танысуға аттанған болатын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

Мемлекет басшысы: «Біз Әділетті мемлекет ретінде әр азаматтың ортақ іске пайдалы болатын ұсынысын ескеруіміз керек»

14.10.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді»

14.10.2025
Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

Мемлекет басшысы: «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді»

14.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған