• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 1 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

19.08.2023
in Басты ақпарат
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

Сарыағаш ауданындағы есептік кездесуден кейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды халықтың мұң-мұқтажын бірнеше ауылдарды аралап, халықпен жүздесті. Тұрғындарды толғандыратын түйткілді мәселелерді тыңдап, оларды заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Атқарылған жұмыстарды ел таразысына салды. Аймақ басшысы тұрғындардың көтерген мәселелерінің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз...

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-не 20 жыл

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-не 20 жыл

31.05.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

30.05.2025
Қосымша білім беру ваучері: кәсіпкерлер өз пікірлерінің ескерілгенін қалайды

Қосымша білім беру ваучері: кәсіпкерлер өз пікірлерінің ескерілгенін қалайды

30.05.2025

Облыс әкімі ауылды дамытуға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, ауылға жастарды тұрақтандыруға көп көңіл бөліп отыр. Әкім ауыл тұрғындарының бірқатар мәселесін көп күттірмей, шешіп берді. Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауыл округінің өзекті мәселелері кезекті рет талқыланды. Осыдан 1 айға жуық уақыт бұрын тұрғындар көтерген мәселелер шешімін табуда. Солардың бірі — халыққа қызмет ету орталығы бүгін ашылды. Облыс әкімі тұрғындармен бірге жаңа орталықты аралап көрді.

Осыған дейін көтерілген ел ұсынысы қабылданып, орын алып жатқан қылмыс санын азайту үшін бейнекамералар санын арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, қылмысты азайту мәселесіне қатысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды ішімдіктен бас тартқан өңірдегі 12 ауылдан үлгі алуды, солардың қатарына қосылуды ұсынды. Өйткені арақ-шараптан мүлдем бас тартқан бұл ауылдарда ішімдікпен байланысты қылмыс мүлдем жоқ. Бұл елді мекендерде той, мереке, туған күндерде дастарқанға арақ-шарап қойылмайды. Дүкен, дәмхана, тойханаларда да ішімдік мүлде сатылмайды.

Өңір басшысы шекаралас аймақты дамыту, сауда-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану, көлеңкелі экономиканы жою бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырған еді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Газ бен ауыз су мәселесі де кезең-кезеңмен шешіліп жатыр.

Бүгінгі кездесуде ауыл тұрғындары заманауи мәдени орталық ашып, жастарды тарту мәселесін көтерді. Дархан Сатыбалды мәселені созбай, аудан әкіміне қажетті жер қарастыруды тапсырды.

Дербісек елді мекенінің тұрғындары да облыс әкіміне өздерін толғандырған мәселелерін айтты. Арыз-өтініштердің басым бөлігін инфрақұрылым, білім ұяларын жаңарту, әлеу­меттік, тұрғын үймен қамту, жер телімдерін беру және кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелер құрайды. Кей мәселені шешуге жергілікті билік­тің пәрмені жетпейтіні анық. Сондықтан түйткілдің түйінін тарқатуды республика деңгейінде қарау керек. Бірқатар мәселелерді шешуде демеушілердің, жанашыр жандардың көмегі қажет.

— Мен жақсы сөз емес, шындықты есту үшін келдім. Проблеманы жасырмай, ашық айта білейік. Оны өзімізден басқа ешкім бізге келіп, шешіп бермейді. Біздің мақсатымыз ортақ. Ауылдарды дамыту, халыққа қолайлы жағдай жасау — үнемі назарда. Туған жерді бірге көркейту керекпіз. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев ауылды дамытуды назардан тыс қалдырған емес. Қолға алынған әрбір жоба ел игілігі үшін жасалады. Оның шарапатын халық көреді. Басты талап — сапада. Алдымызда тұрған ауқымды істер көп. Ел арасында көбіне инфрақұрылым мәселесі өзекті. Таза су, сапалы жарық, табиғи газбен қамту жұмыстары үздіксіз атқарылып келеді. Кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт талап етеді, бірақ олардың барлығы бақылауда тұр. Ауданның бәсекеге қабілетті, дамыған, қауіпсіз әрі таза болуы барлығымызға қатысты. Сондықтан барлықтарыңызды, ауылдарды дамыту жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Халық аманатын арқалау — үлкен жауапкершілік. Ауылдағы жағдайды әуелі ауыл әкімі жақсы білуге міндетті. Әр отбасының тұрақты табысы болу қажет. Жаңа жұмыс орнын ашуға күш салу керекпіз,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Стартовал отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

Стартовал отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

01.06.2025
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

01.06.2025
Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

01.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған