• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 18 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

Қоршаған ортаны қорғау — міндетіміз

15.08.2023
in Аймақ
Қоршаған ортаны қорғау — міндетіміз

Дүниедегі тіршілік атаулының өмір сүретін мекені-қоршаған ортамыз. Сондықтан қоршаған ортаны, яғни табиғатты қорғау — баршаға ортақ міндет. Қоршаған орта дегеніміз – біздің күнделікті өмір сүріп жатқан табиғатымыздың аясы. Табиғат аясына өсімдіктер дүниесі, жан-жануарлар әлемі, жер, су және ондағы тіршілік иелері кіреді. Қоршаған ортаға сырттан қандай да бір әсер болып, зиян келетін болса, онда табиғат аясындағы тіршілік иелері зардап шегеді. Экологиялық жағдай нашарлап, табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Соның ішінде адам денсаулығына зиян тигізеді. Адамға қажетті ауа мен судың тазалығы табиғаттың тепе-теңдігіне, экологиялық жағдайдың тұрақтылығына тікелей тәуелді. Тазалық сақталмаған жерде эпидемиялық аурулар пайда болуы мүмкін. Адам ауру-сырқауға ұшырауы ықтимал. Негізінен қоршаған ортада табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі болып табылады. Зер салып қарасақ, табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің табиғат тепе-теңдігін сақтауда алатын өзіндік орыны бар. Өзен мен көл, теңіз де солай. Біздің табиғат аясындағы аңдар мен құстарды, теңіздегі балықтарды қорғауымыздың басты себебі, міне, осында. Айталық, құстар жойылып кететін болса, онда орман, тоғайды ұсақ зиянкестер мен құрт-құмырсқа басып кетіп, орманға зиян келтіруі мүмкін. Сол секілді өзен, көл орынсыз пайдаланудың әсерінен тартылып, табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады. Соның әсерінен төңірегінде құрғақшылық пайда болады. Тіршілік көзі су тапшылығы туады. табиғаттың тепе-теңдігін бұзбай сақтасақ, экологиялық жағдайды қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік болады. Қалыпты экологиялық жағдай дегеніміз ауаның ластанбауы, судың тазалығы, тіршілік етіп жатқан мекеніміздің өмір сүруге қолайлы болуы, соның ішінде табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтай білу болып табылады. Осыны әрбір азамат естен шығармағаны дұрыс. Ең маңыздысы — табиғи ресурстарымызды ретімен пайдаланып, сақтай білу.

Оқи отырыңыз...

АБАЙ АУДАНЫНДА МЕКЕНЖАЙ ТАҚТАЙШАЛАРЫ ЖҮЙЕЛЕНДІ

АБАЙ АУДАНЫНДА МЕКЕНЖАЙ ТАҚТАЙШАЛАРЫ ЖҮЙЕЛЕНДІ

17.07.2025
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ  ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН  ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26.06.2025

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ОБЩЕГОРОДСКАЯ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЛА»

17.08.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

17.08.2025
Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

Кассациялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

17.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған