• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 20 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

АУДАН БАСШЫСЫ “ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ” АУМАҒЫН АРАЛАДЫ

04.08.2023
in Аймақ
АУДАН БАСШЫСЫ “ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ” АУМАҒЫН АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған -Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағында болды. Онда атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алып, жаңадан қосылған аумағы мен биылғы жылы отырғызылған тал көшеттерінің жай-күйімен танысты.
«Жасыл белдеу» – аймақтарды көгалдандыру, орман алқабын құру мақсатында қолға алынған бағыт. Күрт құбылмалы климатты далада ауқымды қолдан жасалған орман алқабын құру үлгісі әлемде бұған дейін болмаған құбылыс. Әйтсе де бірінші болып мұны Қазақстан қолға алып отыр. Бүгінде көгалдандыру бойынша да көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Жасанды орман алқабын кеңейту, ең алдымен тәлімбақтардың жұмысына байланысты екені белгілі.
«Жасыл белдеу» бағалы бастамасы баянды болып, игілігін жалпақ жұрт көруде. Жасыл желек қалыптастырып, аялап өсірудің өзі оңай шаруа емес еді.
Ор­ман шаруа­шылығын дамыту бойынша берілген тапсырма жүйе-жүйесімен орын­дала бас­тады. Алдымен ағаштардың түрлі сұрыптағы жиынтығы, орманның ортасына қарағай, шыр­ша, аққайың тәрізді ағаш­тар отырғызылған. Бірте-бірте орманшылардың жан­қиярлық еңбегінің нәти­жесінде орман өзі гүлдеп, тұқым шашып, ағаш пен жасыл желектің түр-түрі көбейе бастады. Ең бастысы, елорда жұрты және алыс-жақын шетелдерден дүмеп келіп жатқан меймандар көкірегі қанша жұтса да тоймайтын саф ауамен тыныстап, алаңсыз дем алатын, жайлы да әсем, сүйікті орындарына айналды. Жыл өткен сайын жасыл белдеудің аумағы ұлғая түсті. Көгілдір сағыммен мұнартып, көз арбап, көңіл тоғайтып жататын жасыл желектің көкжиегі бірте-бірте кеңейе түсті. Бұрынғы айтақыр жер сыңсыған орман алқабына айналып, қолайлы климатын қалыптастырып, экологиясын жақсарта түсті. Әуел бас­та көздеген мақсаттың бірі – туған топырағын құр­меттей біле­тін патриот­тарды тәр­биелеу. Бұл орайда да, ауқымды жұмыс атқарылды. Мамандар жасыл бел­деуіндегі екпе ағаштардың санитарлық жағдайын кірпік қақпай бақылау үс­тінде болды. Бар жұмыс ғылымның сүйе­мелдеуімен жүргізілді. Оның өзі бір­неше бағытта өрістеді. Айталық, орман-патологиялық зерттеу, ғылыми-тәжі­рибелік аймақтарда орман өсімдігі түр­лерінің жағдайын бағамдау, кесіп-күту әдістерінің ағашқа әсері таразы ба­сына тартылды.
Жалғыз ағаш қана емес, оның ішін­дегі тірі организмнің тіршілігін білдіретін жан-жануардың құрамын мейлінше көбейту де қолға алынды. Жасанды ор­манның өсімдік әлемі әрі жануарлар құрамы қатар дамыды. Инкубация арқылы мыңдаған құс шығарылып, ер­кіндікке жіберілді. Қазір ну орманның ішіне енсеңіз, он сан құс жасыл желекке оранған гүл жазира мекеннің сәнін келтіріп, дала оркестрінің қуаныштан құйқылжыған күйін шертіп тұр.
Сондай-ақ “Жасыл белдеу” аумағын одан әрі ұлғайту жөніндегі келелі жоспарларды талқылап, жауапаты мамандарға отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын уақытылы жүргізу керектігін ескертті.

Оқи отырыңыз...

АРЫСТА БИЫЛ 600 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

АРЫСТА БИЫЛ 600 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

11.06.2025
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

11.06.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 24 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 24 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

10.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АЯЛДАМАЛАРҒА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АЯЛДАМАЛАРҒА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

19.06.2025
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

19.06.2025
КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

19.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған