• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 19 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ЕСКІ ИҚАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ РЕТТЕЛУДЕ

20.07.2023
in Аймақ, Қоғам
ЕСКІ ИҚАНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ РЕТТЕЛУДЕ

Түркiстан облыс әкімінің елді мекендерді көркейту, абаттандыру және тазалық жұмыстары бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, Түркістан облыс әкімі аппаратының инспекторы Бағлан Аллабергенұлы мен Сауран ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Асылбекұлы Ескі Иқан ауылдық округінде болып, тазалық жұмыстарын бақылады.
Аралау барысында Ескі Иқан елді мекені, Шымкент көшесі бойында орналасқан құрылыстарды ретке келтіру туралы бұған дейін нақты тапсырмалар берiлген болатын. Аталған тапсырмалар бойынша Ескі Иқан елді мекені Шымкент көшесінде орналасқан нысандарды ретке келтіру, қураған ағаштар, сондай-ақ ретсіз төгілген құрылыс қалдықтарын тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргiзiлуде.
Ауыл тұрғындарын елді мекен тазалығын сақтауға, ауылды абаттандыру және көркейтуге үлес қосуда белсенді болуға шақырамыз.
Жалпы өткізіліп келе жатқан тазалық шарасының нәтижесі көңілге қонымды. Бұрынғы жағдаймен салыстырғанда көрініс бірте-бірте реттеліп келе жатқаны көзге көрініп тұр. Дегенмен, тазалық мәселесіне немқұрайлық танытып, әдетіне басқан тұрғындардың қоқыстарын тазартылған аумақтарға тастап кеткен жағдайлары көңіл құлазытты. Сол тазартылған аумақтарды әрмен қарай ұқыппен қарап, бүлдірмей ұстап отырудың орнына қаланың сыртқы аумақтарына қоқыстарын тастаумен әлек. Тіптен сенбілік жұмысына жауапкершілікті сезініп, тізе бүгіп атсалысқан бірде бір қала тұрғынын көре алмадық. Сонда тазалық кімге керек?!
Аймақтың тазалығы баршаға ортақ. Әйтсе де, жерлестеріміздің тазалық жөніндегі мәдениетін, түсінігін әлі де көтеру қажет. Тазалық – отбасында қалыптасатын дүние. Шыны керек, кейбір ата-аналар үйде отырып алып балаларын қоқыс төгуге жұмсайтыны жасырын емес. Мұндай жағдайлар рейдтік шаралар барысында көптен кездесуде. Ал, сол бала шынында қоқысты арнайы темір жәшікке апарды ма, жоқ па, әлде аулаға, көше бойына лақтырып кетті ме, қадағалап жатқан жан жоқ. Тазалықты сақтау да – тәрбие. Сондықтан бұл мәселемен күреске тек көше тазалаушылар ғана емес, қоғам атсалысуы керек. Қоршаған орта тазалығы тек өзімізге байланысты екенін естен шығармайық, ағайын!

Оқи отырыңыз...

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

19.05.2025
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

19.05.2025
ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

18.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ 15 891 ВЫПУСКНИК ОКОНЧИТ ШКОЛУ

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ 15 891 ВЫПУСКНИК ОКОНЧИТ ШКОЛУ

19.05.2025
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

19.05.2025
ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

19.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған