• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ ДАЛАСЫ СЕКСЕУІЛ АЛҚАБЫНА АЙНАЛАДЫ

21.07.2023
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ ДАЛАСЫ СЕКСЕУІЛ АЛҚАБЫНА АЙНАЛАДЫ

Оқи отырыңыз...

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

СОЗАҚ: Кезекті ақпараттық түсіндіру жұмыстары

24.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

23.04.2025
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

22.04.2025
Түркістан облысында 2025 жылға дейін 110 210 гектар алқапқа 170 млн. көшет егу жоспарланған. Ал қала мен елді мекендерде 1149 га аумаққа 1 млн. 81 мың түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Бүгінде осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті.
Алдымен журналистерге «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ормандарды молайту жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылды. Бүгінде Созақ ауданында орманды молайту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 2021 жылға дейін мекемеге қарасты орман қорына қарасты 105,1 мың га аумаққа мәдени орман егілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2025 жылдары 32 мың гектар аумаққа орман дақылдарын егу бекітіліп, іске асырылуда.
– 2021-2025 жылдар аралығында Созақ орман шаруашылығына тиесілі 32 мың гектар жерге 40 млн. ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Созақ ауданының климаттық ерекшелігіне байланысты негізінен қара сексеуіл егіледі. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 8500 гектар алқапқа 10 млн. 400 мың түп сексеуіл көшеті отырғызылған. Ал биыл күз айларында сексеуіл тұқымы себілетін және сексеуіл көшеті отырғызылатын 6250 гектар жер жыртылып, дайындалды. Оның 4200 гектарына 21 тонна сексеуіл тұқымы себіледі. Өткен жылы егілген 4650 гектар орман екпелерінің шығымдылығы 73,3% құраған. 2025 жылға дейін жоспардың толық орындалуы үшін жұмыстар жалғасын табады. Бүгінгі таңда техникаларымыз 100 пайыз жаңартылды. Шөлді аймақтағы бір орман күзеті қызметкеріне 40,0 мың гектар жер бекітілген. Бұл енді өте көп. Орман орналастыру құжаттарына сәйкес, бір орманшының қарау аймағын 20,0 гектарға азайту қаралғанымен, әзірге қосымша штат берілген жоқ, – деді «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жүнісхан Әлімбеков.
Созақтық тұрғындар бұл жұмыстарды жоғары бағалап отыр. Өйткені, өңірді көгалдандыру арқылы экологиялық мәселелер шешіледі.
Мұнан соң БАҚ өкілдері Мойынқұм алқабына және Созақ орманшылығының Бесқауға бекетіне барып, орман күзет орнында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Теріскейдегі орман қоры жері 3 орманшылыққа бекітілген. Созақ, Шолаққорған және Мойынқұм орман шаруашылығының әрқайсысында 400 мың гектарға жетеқабыл сексеуіл тоғайлары бар. Үш орманшылықта да өртке қарсы бекеттер ұйымдастырылған. Олар толығымен қажетті техникалармен жабдықталған. Әсіресе, өрт қауіпті маусымында бекеттерде күнделікті кезекшіліктер ұйымдастырылады.
Мойынқұм орманшылығы Қақпансор алқабында да жұмыс жүруде. Құмда өсетін, шөлге төзімді, қатты ағаш тұқымдас өсiмдiктің Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi болса, соның үшеуi Қазақстанда өседi екен. Олар – ақ сексеуiл, қара сексеуiл және зайсан сексеуiлi. Түркістан облысында ең үлкен сексеуілді алқап – Созақ өңірінде шоғырланған.
– Сексеуілдің табиғатқа тигізер пайдасы орасан зор. Біріншіден, ол құм көшкіндерін ұстап тұрады. Алайда оның өсіп жетілуі өте қиын, баяу өседі. Сондықтан оны жоғалтуды емес, барынша көбейтуді ойлаған дұрыс. Мәселен, былтыр егілген сексеуілдің тамыры – 1 метр. Тамырын терең 15-20 метрге жайғанда өсе бастайды. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Осыған дейін де орман шаруашылығы қызметкерлері өсімдік қорын молайтуға атсалысып келген. Бір ғана сексеуіл ағашы өзінің қуатты тамырларымен 4 тонна құмды ұстап тұруға қабілетті. Сексеуілді жойып алу шөлдердің өсуіне әкеледі, – дейді Жүнісхан Әлімбеков.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысындағы орман алқабының 20 300 гектар жеріне 32 млн. 214 мың дана ағаш егіледі. Өткен жылы 16 200 гектар жерге 23 млн. 818 мың дана ағаш егу және себу жұмыстары толығымен атқарылды. Өңір бойынша орман тұқымбақтарында 2017-2018 жылдары аралығында 12 млн. түп көшет өсірілсе, бүгінде өндірілген көшет саны 30 миллионды құрап отыр.
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған