• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 12 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 10 МЫҢ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

02.08.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 10 МЫҢ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тұралап қалған сақалды құрылыстарды аяқтап, елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жетісай ауданында тағы бір елді мекенге табиғи газ берілді. Бұл – соңғы 5 жылда газға қосылған бірінші ауыл. Ш.Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Жаңа дала елді мекені тұрғындарына табиғи газ беру шарасына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов қатысты.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

2019 жылы құрылысы басталған газ өткішгішінің жалпы ұзындығы 18,8 шақырымды құрайды. Сметалық құны 239,6 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталғанымен тұрғындар табиғи газды пайдалана алмай келген. Себеп – табиғи газ қысымының жетіспеушілігі. Енді 250-ге тарта түтіні бар ауыл тұрғындары күл шығарып, көмір жағудан құтылатын болдық деп қуанып отыр.

«Табиғи газдың келуін күткенімізге біраз жыл болды. Енді міне от жағып, күл шығарудан құтылатын болдық. Елдің қамын ойлап, осындай игі істерді атқарып отырған аудан басшыларына рахметімізді айтамыз» дейді акыл тұрғыны Гүлбахира Жайдақбаева.

Сонымен қатар, өткен жылы Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм, Ақтөбе елді мекендері мен Абай ауылдық округінің Отан, Бейбітшілік елді мекендері, Ж.Ералиев ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстарына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы мен республикалық бюджеттерден жалпы 1,6 млрд теңге қаржы бөлініп, өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жыл соңына дейін аудандағы 6 елді мекендегі 10 мың тұрғынды табиғи газға қосу жоспарланып отыр.

«Бүгінде ауданда тұрғындарды табиғи газбен қамтып, көгілдір отынға деген сұранысты толықтай қанағаттандыру және газ тұтынушылар санын аудан тұрғындарының 60 пайызына жеткізу мақсатында жалпы сметалық құны 2,067 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС, Ынтымақ ауылдық округінде «Кирово» АГТС нысандарын салу жұмыстарына тиісті қаржылар бөлініп, мердігер «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Аталмыш 2 АГТС-тың қуаттылығы 100 мың текше метрді құрайды» дейді аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабеков.
Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қоса Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 181 млн 709 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған