• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 19 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «ТАЗА АУЫЛ» ЭКО-АКЦИЯСЫ ӨТТІ

29.07.2023
in Аймақ, Қоғам
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «ТАЗА АУЫЛ» ЭКО-АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Созақта аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің бастамасымен Қызылкөл көлінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Онда көлдің айналасы, емдік қара балшығы бар аумағы мен көлге апарар жолдың бойы тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазартылды.
Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру.
Тазалық жұмыстарының басында болған аудан басшысы ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Тазалық шарасына ауыл округтеріндегі мекеме ұжымдары, белсенді жастар мен еріктілер жұмыла атсалысты. Шараға қатысушылар туристік аймақтарды және көшелер мен саябақтарды, арық-атыздарды қоқыстан тазартып, арнайы орынға шығарды.
Тазалық жұмыстарының басында болған аудан басшысы ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
«Біз әркез қоршаған ортаны таза ұстауымыз керек. Бүгінгі ұйымдастырылған игі шара арқылы көлдің айналасына тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстарды бей-берекет тастау және осындай заңсыз әрекеттермен қоғам болып күресуді жүзеге асырамыз. Тазалықты алдымен өзімізден бастасақ, өзге өңірлерден келетін қонақтарға да дұрыс көзқарас қалыптастыратын боламыз», – деді ол.
Айта кетейік, шараға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен ауыл округтердің жастар ісі жөніндегі мамандары, Құмкент ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері, қоғамдық негізде жұмыс істейтін азаматтар мен «Жасыл ел» еңбек жасағы және Value ерікті жастардан құрылған 70-ке тарта азамат жұмылдырылып, 3,5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
Тазалықтан тән де, жан да тазарады. Өңірімізде туған жердің тазалығына бейжай қарамайтын азаматтардың қатары артып келе жатқаны қуантады. Экологиялық акция барысында жастар туристік нысандарға барар жолдар мен саябақтарға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы, Түркістан облысының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында игілікті істер жүзеге асуда. Мәселен, облыс орталығында 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда барлығы 13 629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде. Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің маңызды көрсеткішінің бірі екенін ескерсек, сенбілікте ғана емес, әр күні айналымызды таза ұстауға атсалысайық.
Эко-акциялар мен сенбіліктер арқасында облыс аумағы тазарып, көшелері көріктеніп, ажарлана түсті. Аталған акция өңірде алдағы уақытта да жалғасады.

Оқи отырыңыз...

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

19.05.2025
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

19.05.2025
ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

18.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ 15 891 ВЫПУСКНИК ОКОНЧИТ ШКОЛУ

В ЭТОМ ГОДУ В ШЫМКЕНТЕ 15 891 ВЫПУСКНИК ОКОНЧИТ ШКОЛУ

19.05.2025
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

19.05.2025
ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

19.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған