1996 жылың 10 маусымында «Авторлық құқық пен сабақтас құқық» туралы заң қабылданды. Бұл заң Берн Конвенциясының талаптарына сәйкес келеді. 2015 жылы Осы заңға өзгерістер енгізілді. Себебі, ҚР ҚК 2014 жылы авторлық құықты бұзғандық үшін қылмыстық құқық бойынша сараланып, жаза тағайындалу көзделгендіктен.
Авторлық құқық – программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.
Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.
Авторлық құқықты бұзу көбінесе кәсіпкерлердің заңдарды білмеуінен болады. «Қарақшылық» деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, зияткерлік меншік иелері орасан зор шығынға ұшырайды. Заңды бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 100-ден 15 мың АЕК-ке дейінгі зиянды өтейді.
Авторлық құқық туралы құжатқа келетін болсақ, оны алу өте оңай, ол үшін Әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік құқығы комитетіне өтініш беру керек. Сонымен қатар, сіз тікелей туындының өзін және автор екеніңізді растауыңыз керек.
Авторлықты растау үшін кейде автордың өзіне қатысты ашылмаған жайтты, туындының көшірмесін немесе түпнұсқасын, автор туралы мәлімет пен туынды шығарылған күнді көрсету жеткілікті. Алайда көп жағдайда автор сотқа немесе мемлекеттік органдарға өзінің авторлық құқығын қорғауға жүгінгенде мұндай растау жеткіліксіз, авторға қойылатын сұрақты бірі – авторлық құқығын тіркегенін растайтын құжат бар ма? Мұндай жағдайда автор алдын ала ойластырып, өзіне қажетті құжаттарды реттеуі керек.
Туындыға авторлық құқық иелене отырып, өзінің туындысын үшінші бір тұлғалардың пайдалануына рұқсат бере алады, сондай-ақ тыйым да салады. Туындының тіркелгені туралы куәлікті ала отырып оны салық, кеден, құқық қорғау органдары мен сотқа көрсете алады. Авторлық құқықты ресми тіркеу туындыны ақшалай бағалауда да қажет.
Туындыны тіркеу бірнеше себепке байланысты орынды:
-тіркеудің өзі куәлікте көрсетілген нысан әдебиет және өнер туындысы болып саналатынын растайды, авторлық құқық нысаны ретінде қорғалады;
-туынды авторының жеке бас мәліметі көрсетіледі және сол автор (авторлар) сот басқаша шешім шығарғанға дейін автор болып саналады;
-Шығарманың туындаған күні бекітіледі, ал туындының уәкілетті органға түскен күні ең болмағанда сол уақытта туындының бар болғанын растайды;
-Аталған туындының мүліктік құқығы кімге берілгені көрсетіледі. Егер сол құқық авторға тиесілі болмаса көрсетіледі;
-Авторлық куәлікті мемлекеттік орган береді және ресми мөрмен бекітіледі, сот оны растау және авторлық құқық тиесілі екенін дәлелдеу ретінде қабылдайды;
-Тіркеу туралы куәлік болғанда авторлық құқық бар және иеленетінін растайтын келісімшарт (еңбек, құқық беру және т.б. туралы) көрсетудің қажеті жоқ, себебі бұл мәліметтің барлығы куәлікте жазылған;
-Тендерлерге қатысқан кезде авторлық құқықты куәлікпен растау талап етіледі;
-Авторлық құқықтың бар болуы құнын білу үшін авторлық құқық бағалаушыларына жүгінгенде қажет;
Туындының өзі уәкілетті органда сақталады, дау кезінде, мысалы сот «даулы» шығарманы авторлық құқықты тіркеу туралы өтінішпен бірге берілген нұсқамен салыстыра алады.
Сонымен қатар автор мен өтініш берушінің өтініші негізінде берілгені көрсетілетін куәлік, ақпарат авторлық құқық берілгенін растайды, Қазақстанда ғана емес, шет елде де баспа, мемлекеттік және жеке меншік мекемелер мойындайтыны сөзсіз.
Қазақстанда ҚР Әділет министрлігі тіркеуші орган ретінде саналады. Барлық жағдайда тіркелетін құқық нысанына сараптама жасалмайды, бұл тіркеу емес, депозитке сақтау болып саналады, құқықтың мұндай жүйесі өте пайдалы.
З.АЙТЖАНОВА,
Қызылорда облысы,
Арал ауданаралық әділет басқарма басшысының м.а.
ҚР «Заңгерлер одағының» мүшесі.