Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан- жаңа буын» жобасы аясында «Жаңа Қазақстан: жастар қоғамның қозғаушы күші» атты семинар өтті.
✅Семинар мақсаты-еліміздің ертеңгі болашағы жалынды жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, оларға қолдау білдіруге бағытталған. Сондай-ақ олардың өзара достық қарым-қатынастырын нығайта түсу мен тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасау болып табылады.Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Парламент Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Ұлан- ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің директоры Валихан Бахретдинов және белсенді этнос жастары қатысты.
⚡»Елімізде ең көп жастар біздің өңірде. Бізде 630 мыңнан астам жас бар. Бүгінгі шараның маңызы ерекше деп білемін. Жалынды жастарымыздың ұсыныс тілектерін білдіру мен достық тәжірибе алмасуда бұл басқосу оларға үлкен серпін береді. Бүгінгі шараға арнайы келіп, ой пікірлеріңізді ортаға салғандарыңызға ризашылығымды білдіремін.»,- деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев. Сондай-ақ ол басқосуға келген барша жасқа сәттілік тіледі.
✅ Еркін форматта өткен семинар барысында түрлі спорттық ойындар шарасы өтіп, жүлдегерлер арнайы марапатталды. Сонымен қатар белсенді жастар өздерінің ой пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, толғандырған сауалдарына жауаптар алды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы,
«Қоғамдық келісім» КММ-нің
Баспасөз қызметі.