• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 12 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҚТАР БЕКІТІЛДІ

24.07.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҚТАР БЕКІТІЛДІ

Түркістан облысындағы елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын оңтайландыру мен көшеттердің өсу көрсеткішін арттыру мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында өсіріліп жатқан аудандастырылған көшеттер алдағы уақытта аудан, қалаларға бекітілген аумақтық орман шаруашылығы мекемелерінен мерзімінде босатылады.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Түркістан облысынан барған журналистер «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ, Шолаққорған орманшылығының 10 гектар суғармалы тұрақты орман тұқымбағында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Орман қоры жерлеріне 2 млрд. көшет отырғызу жоспарынан тыс Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен 2025 жылға дейін Созақ және Бәйдібек ауданының елдімекендерін көгалдандыруға және Түркістан қаласы айналасындағы құрылып жатқан жасыл белдеуге егу үшін мекеме тұқымбақтарынан көшеттер босатылып жатыр.

«Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жүнісхан Әлімбековтің айтуынша, мәдени орман екпелерін құру үшін керекті көшеттермен ағаш тұқымдары толық өз шаруашылықтарында дайындалатынын айтып, көгалдандыру жұмыстарының сапалы орындалуы мен күтіп бапталуын бақылап, қадағалау, мекеме мамандарына жүктелгенін жеткізді.

Қазіргі таңда мекемеде 25 га сексеуіл тұқымбағында 3 млн. 500 мың түп сексеуіл көшеті және 250 мыңнан астам қарағаш көшеті өсірілуде. Бұл ағаш көшеттері биылғы жылғы мәдени екпелерге отырғызу үшін және Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеу мен Бәйдібек, Созақ аудандарын көгалдандыру мақсатында үлестіріледі.

2020-2023 жыл аралығында мекеменің тұқымбақтарында өсірілген 2 357 000 дана әртүрлі ағаш көшеті босатылып, Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелер мен аудан әкімдіктерінің теңгеріміне берілген.

Одан соң журналистер елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан «Шолаққорған — Түркістан» бағытындағы «Жасыл белдеу» аймағына барды.

Ауданда елді мекендерді көркейту жұмыстары жоспарлы түрде атқарылып жатыр. Биыл көктем айында Созақта көгалдандыру жұмыстарына байланысты аудан көлемінде 18 мыңнан аса көшет егілген.

– Өткен жылы көктемде «Жасыл белдеу» аумағының 3,2 гектар алқабына 3500 түп көшет егілген. Қазіргі таңда «Жасыл белдеу» аумағын 1,6 гектарға ұлғайтылған. Биыл тағы да 2 мыңнан аса көшет отырғызылды. Соның ішінде 2500 түп қара тал, 1000 түп гүжім талы бар. Мұнда бүгінге дейін 6 мыңға жуық тал егілген. Демеушілердің есебінен тал көшеттері отырғызылған аумақ шарбақтармен қоршалған, – деді Созақ аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов.

Бүгінгі таңда былтыр отырғызылған тал көшеттері толықтай өніп тұр. Аталған көгалдандыру аймағына жас көшеттер бірден тамыр алып кетуі үшін политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Аудан аумағын көркейту, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу күз айларында жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта бұл жерге қосымша бақша дақылдарын егу жоспарлануда.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспар аясында аудан, қала әкімдіктеріне орман шаруашылығы мекемелерінен былтыр күзде – 251,7 мың түп, 2023 жылы көктемде 532,7 мың түп әртүрлі көшеттер егілді. Соның ішінде Созақ ауданына күз-көктем айларында 23 мыңға жуық түп көшет отырғызылған. Жалпы, облыста 900-ге жуық елді мекен бар. Облыстың елді мекендерін көгалдандыру мақсатында алдағы 3 жылда 4 миллионнан аса көшет өсіру жоспарланып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейіне дейін көтерді: бұл шешім қандай әсер етеді?

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған