• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 21 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ ҚУАТТЫЛЫҒЫ 50 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

19.05.2023
in Аймақ, Қоғам
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ ҚУАТТЫЛЫҒЫ 50 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Оқи отырыңыз...

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025
Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов айтты.
Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласын дамыту үшін өткен жылы жалпы 65 жоба іске асырылған.
– Биыл 26,7 млрд теңгеге 12 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Олардың қатарында Шанақ ауылдық округінде құны 23,8 млрд теңгені құрайтын жалпы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салу көзделуде. Қазіргі таңда жер мәселесі толық шешіліп, инвесторлармен меморандум түзілген. Бұдан бөлек, 25 жаңа жұмыс орнымен құны 1,1 млрд теңге құрайтын мал сою бекетін салу қарастырылуда. Оның жалпы қуаттылығы жылына 10 мың бас ірі қара мал. Сонымен қатар, «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорны тарапынан қуаттылығы 1,3 МВт су электр станциясы салынып жатыр. Ол биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Одан бөлек, өткен жылы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 23,1 млрд теңгеге, ал ауыл шаруашылығы саласының өнім көлемі 66,7 млрд теңгеге жетті, — деді Азизхан Әзімханұлы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда Шарбұлақ және Шанақ ауылдық округтері пилоттық режимде іске асырылуда. Атап айтсақ, Шарбұлақ ауылы округінде сүтті бағытта, ал Шанақ ауылы округінде етті бағыттағы жобалар қолға алынған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы бойынша ауданда 2022 жылдың қорытындысымен 1 421 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 2 есеге артық орындалған. Ал, биыл 1 152 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 3 айдың қорытындысымен 309 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.
Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысымен ауданда жалпы 62 елді мекеннің 59-ы ауыз су құбырымен, 49-ы табиғи газ жүйесімен, 98,4 пайызы орталықтандырған электр желісімен қамтылған. Сондай-ақ, 28 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған