• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ҚАТАҢ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУЫ ҚАЖЕТ

16.07.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ҚАТАҢ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУЫ ҚАЖЕТ

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына барды. Жібек жолы ауыл округінде кісі қолынан қаза тапқан 5 жастағы қыздың шаңырағында болып, ата-анасына, жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақ екенін айтып, құранға қатысты.

– Өте ауыр жағдай. Қайғыларыңызға ортақпын. Жұбатуға сөз табу қиын. Кішкентай балапанның ауыр қазасы бәрімізді күйзелтті. Қазір күдікті ұсталды. Заң аясында қатаң жазаланады, – деген облыс әкімі қайғы жамылған отбасыға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Оқиға орнына 13 шілде күні түнде ерекше бақылау және тұрғындармен қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облысы әкімінің орынбасарлары Н.Көшеров, Б.Тәжібаев, облыс прокуроры М.Тілеубердиев, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Т. Мелдешов барды.

Пышақ жарақаттарынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілде күні жер қойнына тапсырылды. Сараптама қорытындысы жедел түрде 20 күн ішінде шығарылады.

ҚР Президенті Бас прокуратура мен ІІМ-не болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Күдіктіге қатысты ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар жүргізіледі.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауыл округінің әкімдігінде оқиға орын алған аймақтағы өзекті мәселелер талқыланды. Оған барлық құзырлы орган басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Өңір басшысы шекаралас аймақты дамыту, сауда-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану, көлеңкелі экономиканы жою бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

– Шекара маңындағы заңсыз сауда айналымына тосқауыл қою керек. Кәсіпкерлерге жағдай жасап, заңдастыру мәселесін шешу қажет.
Осы салаға жауапты мекемелер, құзырлы органдар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарағаны жөн. Тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер көтеріліп жатыр. Назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізілсін. Заңсыздықтарға қарсы қатаң шаралар қабылдануы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Жауапты мекеме басшыларына кәсіпкерлерге жағдай жасау, қолдау көрсету жөнінде тапсырма берілді. Заңсыз сауда, көлеңкелі экономика, заңсыз алкогольді өнімдер саудасы, трамадол сатуға тосқауыл қою және өзге де маңызды мәселелер көтерілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

10.10.2025
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

10.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған