• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 7 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

КИЕЛІ ШАҺАРДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ

21.05.2023
in Аймақ
«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау мақсатында өңірде елді мекендерді жасыл желекпен көмкеру тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалық сақтауға бағытталған.

Оқи отырыңыз...

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ  ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН  ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

26.06.2025
АРЫСТА БИЫЛ 600 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

АРЫСТА БИЫЛ 600 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

11.06.2025

Облыс орталығының айналасынан жасыл желекті қорған құру және Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасы аясында жұмыс жүріп жатыр. Осы бағытта облыс бойынша 5 жылда 110 210 гектар жерге 170 млн. түп ағаш көшетін отырғызу кешенді жоспарына қоса Түркістан қаласының «Жасыл белдеуіне» қосымша тағы 6400 гектар аймаққа көшеттер егу жоспарланған.

Биыл облыста кешенді жоспарға сәйкес, мемлекеттік орман қоры жерлерінде 20 300 гектар жерге 32214,23 мың түп көшет отырғызу жоспарланған. Бүгінгі таңда 1310 гектар жерге 2339,6 мың түп көшет егілген. Өткен жылғы мәдени орман алқаптарын толықтыруға 2161,2 мың көшет босатылды.

Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту үшін «Жасыл аймақ», «Жасыл белдеу» жобалары аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, биыл қала аумағында 210 000 дана бір жылдық және көп жылдық гүлдер егу жоспарланған. Оның 60 000 данасы егілді. Қалғанын осы айдың соңына дейін отырғызу көзделуде. Облыс орталығына 17 түрлі бейімделген 249 000 түп ағаш көшетін (көктем мезгілінде 100 000 дана, күз маусымында 149 000 дана) егу жоспарланып отыр. Биыл көктемде жасыл белдеуде тек толықтыру жұмыстары атқарылады.

Түркістан қаласын көгалдандыру үшін қажетті көшеттермен қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл аймақ» КММ-інде 120 гектар жерде орман тұқымбағы қолға алынды. Ол жерде қазір 3,5 млн түп көшет өсірілуде. Бүгінгі таңда орман тұқымбақтарының көлемі екі есеге ұлғайып, 356 гектарға жетті. Онда әр жылы 35,0 – 40,0 млн. әртүрлі ағаш көшеттерін өсіру қолға алынады.

Ағаш отырғызу, оны күтіп-баптау, қорғау жұмыстары тоқтамайды. Қазіргі таңда аймақта

3 млн. 144 мың гектар орманды дала алқабы бар. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқап

1 млн. 517,15 мың гектарға жетті. Сонымен қатар «Жасыл белдеу» аумағындағы 5400 гектар алқапқа «Қазатомпром» АҚ жапырақты өсімдіктер мен сексеуіл көшеттерін екті. Оның жалпы көлемі 11010 гектарды құрады. Қазіргі таңда бұл жұмыстар жалғасуда. Соның нәтижесінде «Жасыл белдеудің» көлемі 20 000 гектарға жетеді деп көзделіп отыр.

Мамандар тұрғындарға әр аулаға тал егу, бұлақ көздерін ашып, тазалық жұмыстарын жүргізуге, табиғатқа жанашырлық жасауға өз үлестерін қосуға шақырады.

Айта кетейік, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің тұқымбақтарында 27 миллионнан астам түрлі ағаш-бұта көшеттері күтіп-бапталуда.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

07.07.2025
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған