• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 23 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАМЫЛАДЫ ӨЛКЕМІЗ

21.05.2023
in Без рубрики
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАМЫЛАДЫ ӨЛКЕМІЗ

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАМЫЛАДЫ ӨЛКЕМІЗ

Оқи отырыңыз...

«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті

«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті

23.05.2025
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖАҢҒЫРУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨМІР САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖАҢҒЫРУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨМІР САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ

22.05.2025
«ДӘСТҮР МЕН ТӨЛТУМА МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ  РУХАНИ КОДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

«ДӘСТҮР МЕН ТӨЛТУМА МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ КОДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

22.05.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығына келген сапарында «Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар» дей келіп, киелі кентті түркі әлемінің мәдени және рухани орталығы ретінде дамыту, әлемнің әр түкпірінен келген қонақтардан босамай жататын қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға ұдайы көңіл бөліп отыруды тапсырған болатын. Осы орайда облыс әкімі Дархан Сатыбалды да Президент тапсырмасына нақты іспен жауап беру жолында аппарат отырысында тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар беріп, төрткүл төңірекке танымал теберік қаланы танымастай түрлендіріп, жасыл желекке орап қоюды міндеттеп келеді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 5 жыл көлемінде мемлекеттік орман қорында 2 миллиард және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес облысымызда 2025 жылға дейін 110 210 гектар алқапқа 170 миллион түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес 2022 жылы 16200 гектар жерге 24 млн. түп ағаш егілді. Сонымен, 2021 жылды қоса алғанда орман алқабы (бұрнағы жылы 15120 гектарға ағаш егілген еді) 31 320 гектарға жетті.
Сонымен қатар облыс әкімдігінің бастамасымен 2019-2022 жылдары Түркістан қаласының айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Бүгінге дейін 13629 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.
Бір гектар орман жылына 18 млн. текше метр ауаны тазартып, 1 сағат ішінде 8 келі көмір қышқыл газын сіңіреді. Бұл 200 адамның 1 сағатта бөліп шығаратын көмір қышқыл газының көлемімен тең. «Казгидромет» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, аталған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қарқынды жүруі Түркістан қаласының экологиялық жағдайын да тұрақтандырып отыр. Бұған су жүйелерін жаңғырту, жасыл алқаптардың көбеюі, қаланың толықтай табиғи газ жүйесіне қосылуы да оң әсерін тигізуде.
Бүгінде облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30 миллион данадан астам түрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр. Алдағы уақытта көшеттердің санын 60 миллионға жеткізу жоспарлануда. Бұл облыстың аудан, қала және елді мекендерінде жасыл желектің көбейіп, экологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпалын тигізері анық.
Түркістан қаласы мен оның төңірегінің климаты күрт құбылмалы, континентальды. Осыған орай Түркістан қаласын абаттандыру қарқынды жүргізілген алғашқы жылдары егілген орман ағаштарының 25 пайыздан астамының жерсінбей, қурап қалғанын жасыруға болмайды. Бұл табиғи құбылыс еді.
Зерделеу мен зерттеулер, тәжірибе алмасу жұмыстары барысында облысымыздың мемлекеттік орман қоры жерлеріне егілген мәдени екпелердің нормалық жерсіну пайызы 75 пайызды құрады. Алайда, қатаң континентальды климат аймағында орналасқан Түркістан қаласы мен басқа да экологиялық зардапты аймақтарда орналасқан орман қоры жерлерінің топырақ құнарлылығы төмен еді. Сол себепті ғылыми-зерттеу университетінің қызметкерлері ұсыныстар әзірледі. Бұл жұмыстар жемісін беріп, облыстың орман қоры жерлеріне егілген орман дақылдарының жерсіну нормасы (көнімділігі) 50 пайызды құрады. Бұл табиғи ерекшеліктері өте ұқсас Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жерсіну көрсеткіштерімен тең болып шықты. Осы көрсеткішке сүйеніп, 2022 жылы орман шаруашылығы саласының заңнамаларына сәйкес, Түркістан облысында егілген мәдени екпелердің нормалық жерсіну пайызы 50 пайыз болып бекітілді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, «Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, аудан, қала елді мекендерін көгалдандыруға қажетті көшеттермен қамтамасыз ету облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелді. Аудан, қала әкімдіктерінің эскиздік жобалары мен көшеттерге берген сұраныстары негізінде 2022 жылдың күз айларында басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінен 345 204 түп әртүрлі көшет босатылған. Десек те, былтырғы күз айларында ауа-райының қолайсыздығы мен вегетативті маусымның қысқа болуына байланысты тал-терек отырғызу жұмыстары едәуір кешеуілдеді. Соның өзінде аудан, қала әкімдіктері орман шаруашылығы мекемелерінен 251681 түп көшет алып, тиісті аумақтарға еккен. Облысымыздағы барлық елді мекендерді көгалдандыру шаралары биыл да жалғасын таппақ. Биыл 733224 түп көшет егіледі деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласында «Ахметов» жеке шаруашылығы мен Кентау қаласында «Статус Эверест» мекемесі тарапынан түрлі полиэтилен және қағаз-картон қалдықтары тұрғындардан, полигон аумағынан жиналуда. Екі мекеме де қайта өңдеу арқылы жартылай шикізат ретінде пластикалық түйіршіктер мен құбырларға қажетті шикізат дайындап жатыр. Мұның өзі киелі қаланың экологиялық тазалығы мен атмосфералық ауаның ластануын азайтуға айтарлықтай үлес қосады.
Иә, Түркістан төрінде халықаралық іс-шаралар күн сайын өтіп келеді. Жақында Түркістан қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтті. Екі күнге жалғасқан жиын алдында Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген мәртебелі қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, ата-баба рухына тағзым етті. Түркі әлемінің төрі қашан да қонақтардан босамас. Олай болса, жаһан таныған киелі кенттің жасыл желекке малынып тұрғаны жарасымды. Мемлекет басшысының берген тапсырмасының маңыздылығы да осында.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті

«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті

23.05.2025
ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ — МОЛ ТАБЫСТЫҢ ЖАЛҒАН ҮМІТІ

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ — МОЛ ТАБЫСТЫҢ ЖАЛҒАН ҮМІТІ

23.05.2025
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖАҢҒЫРУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨМІР САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖАҢҒЫРУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ӨМІР САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ

22.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған