• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 20 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТАДЫ

29.05.2023
in Аймақ
«ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТАДЫ

Түркістан қаласы, Сауран және Отырар аудандарында 15079,23 гектар аумаққа әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Жасыл аймақ» КММ жоспарына сәйкес жүзеге асты. Негізгі меже 31 468,43 гектар болған. Түркістан облысы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ мекемесі арасындағы меморандум аясында «Жасыл аймақ» КММ-мен келісімшарт түзіліп, кешенді жоспар жасалған болатын. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен жиын өтті.
Мәжіліске облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев, «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Қазатомпром-Sauran» ЖШС компаниялары мен жауапты сала мамандары қатысты. Жиында келісімшарттың тармақтарында көрсетілген мекеме тарапынан орман қоры жерлерінде өтемдік мәдени екпе отырғызу, мәдени екпелерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу және уран өндіруші кәсіпорындардың тарапынан келісімшарт бойынша туындаған проблемалар талқыланды. Компания өкілдері өз талап-тілектерін жеткізді.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары «Жасыл аймақ» КММ-не белгілеп берілген жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу және табыстау қажет екенін айтты. Ал, тұрақты пайдалану үшін берілетін мемлекеттік актіні алу жөнінде берілген тапсырмаларды орындамаған жағдайда жауапты өкілдердің жауапкершіліктері қаралып, заң аясында қатаң тәртіптік шара қолданылатынын ескертті.
Түркістан қаласы, Сауран және Отырар аудандарында бекітілген жоспарға сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ-қа қарасты кәсіпорындармен мәдени екпе отырғызуға 20 107,0 га аймаққа ағаш, сексеуіл көшеттері белгіленіп, қазіргі таңда ол 8 934,2 гектарға егілген.
Ұлттық компаниялардан аударылған қаржыға аумақтарға сексеуіл тұқымы себіліп, жапырақты ағаш пен сексеуіл отырғызылды. Сондай-ақ, аумаққа орман шаруашылығы жолдары салынып, тік ұңғымалар қазылып, суару жүйесі жүргізілді, жасыл желектер қоршалды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар одан әрі жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің 2023 жылғы 24 наурызда 938,0 га жер учаскесін уранды жер асты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру туралы №46 қаулысы шыққан. Осы қаулыға сәйкес, мекеме тиісті қаражатты өз мерзімінде аударуы тиіс.
Жиын барысында ұсыныс-пікірлер аз айтылмады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының орман қоры жерлеріне егілген орман екпелері мен дақылдарының ғылыми дәлелденген нормалық өнімділігі, жерсінуі мен сақталуы 50 пайыз мөлшерінде көрсетілгенін уран өндіруші мекемелерінің негізге алуы ұсынылды.
Қайрат Абдуалиевтің мәлімдеуінше, аталған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда «Казгидромет» мекемесінің мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Атқарылған жұмыстарға жергілікті тұрғындар оң бағаларын беруде. «Жасыл белдеудегі» 15079,23 га жерге көшет егіліп, ол күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеуді» 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Осы орайда жоспарды толық орындау мақсатында аталған аудандарда жер тапшылығы болған жағдайда халыққа зияны тимейтіндей шешім қабылданып, жергілікті жерлерге орман екпелерін егу қарастырылады.
Жиын соңында орман ережесінде мәдени екпелерге орманмен көмкерілген аймаққа ауыстырғанға дейін үш жыл күтіп-баптау және толықтыру жұмыстары атқарылатыны сөз болды. «Жасыл белдеу» экологиялық аумағында орналасқан орман алқаптарындағы топырақтың құмшауыт және сортаң болуына байланысты аса қажеттілік туындаған жағдайда бес жылға толықтыру жүргізілетіні мақұлданды.

Оқи отырыңыз...

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

19.09.2025
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

19.09.2025
ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

19.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

19.12.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

19.12.2025
«ЖЫЛ ҮЗДІГІ–2025» ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ–2025» ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

19.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған