• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 19 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

СУДЫ ҮНЕМДЕСЕҢ, СУБСИДИЯ АЛАСЫҢ

12.07.2023
in Аймақ
СУДЫ ҮНЕМДЕСЕҢ, СУБСИДИЯ АЛАСЫҢ

Оқи отырыңыз...

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

19.09.2025
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

19.09.2025
ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

19.09.2025
«Суды үнемдеу технологияларын қолданған фермерлерге ғана субсидия берілуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты» деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Егіс алқаптарына жіберілетін судың біраз бөлігі ескірген каналдардың салдарынан ысырап болып жатқанына тоқталған Үкімет басшысы: «Негізінде, жаз айларында судың шығыны 10-15 пайыздан аспауы тиіс. Ол үшін барлық суару каналдары мен су қоймаларын жөнге келтіру қажет. Ондағы барлық процестерді міндетті түрде автоматтандырып, цифрландыру керек. Әсіресе, суды барынша ұтымды пайдалану мәселесі басты назарда болуы тиіс. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, дақылдарды әртараптандыру жұмыстарын күшейтуі қажет» деді.
Оның айтуынша, суармалы егіс алқаптарындағы су тарифтеріне қатысты проблема көп.
«Мемлекет басшысы қолданыстағы тарифтер суды үнемдеп жұмсауға ынталандырмай отырғанын баса айтты. Сондықтан бұл саладағы тарифтік саясатты қайта қарап, адамдардың суға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру қажет. Жалпы Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдіктері вегетациялық кезеңде белгіленген барлық жоспарларды орындау бойынша жұмысты күшейтуі тиіс» деді Премьер-министр.
Осы орайда ол министрліктерге бірқатар тапсырма берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі суару тәсілдеріне байланысты субсидияларды саралау ережелерінің тез арада қабылдануын қамтамасыз етуі қажет. Яғни, суды үнемдеу технологияларын қолданған фермерлерге ғана субсидия берілуі тиіс. Суды тиімді пайдалануға ынталандыру, оның ішінде үнемдеу және тамшылатып суару технологияларын енгізу мен жаңбырлатып суару қондырғыларын пайдалану бойынша жұмысты күшейту қажет» деді Әлихан Смайылов.
Мұнымен қоса облыс әкімдіктеріне «Қазсушар» филиалдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын кезекпен суаруды ұйымдастырып, қайтарымды суларды қайта пайдаға жарату жүктелді. Бұл каналдардағы су шығынын азайтуға және суды үнемдеп тұтынуға мүмкіндік береді.
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

19.12.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

19.12.2025
«ЖЫЛ ҮЗДІГІ–2025» ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ–2025» ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

19.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған