• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 20 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІ: ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

16.06.2023
in Аймақ
ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТТЕРІ: ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан облысында орман және дала өрттеріне қарсы күресте әкімдіктер, жауапты басқарма мен табиғи парк ұжымдары және төтенше жағдай департаменті бірлесе жұмыс атқарады. Өрттің алдын алу мәселесі талқыланған мәжілісте облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылардың есебін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.
– Төтенше жағдайға дайын болу керек. Табиғи парктер, қорықтар мен төтенше жағдай департаментінің техникалық қамтылуын тағы да бір сараптап шығыңыздар. Қажетті көліктер бойынша бюджетке ұсыныстар енгізілсін. Екіншіден, үнемі өзара байланысып, бірігіп жұмыс істеу қажет. Өртке қарсы күрес – бәрімізге ортақ жұмыс. Қайдан өрт шықса да, тек бір мекемеге сілтемей, оны бірігіп сөндірген жөн. Орман, дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдансын. Орман қорындағы өрт шығуы мүмкін учаскелерде күзет бекеттері белгіленіп, кезекшіліктер ұйымдастырылсын. Облыс аумағында өртке қарсы минералды жолақтарды жырту жұмыстарын 10 күн ішінде толық аяқтауды тапсырамын, – деді Дархан Амангелдіұлы.
Облыста жалпы 12 орман шаруашылығы мекемесі орналасқан. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты мекемелер («Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» корықтары, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) иелігінде – 304,6 мың га (облыстың жалпы орман қорының 8,8%) бар. Облыс әкімдігіне қарасты 3144,1 мың га мемлекеттік орман қоры жерлері (91,1%) «Бадам», «Отырар», «Созақ», «Шардара», «Жасыл желек», «Жасыл аймақ» және «Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бекітілген.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, орман қорларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орман шаруашылықтарымен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, тікұшақтардың, өрт сөндіру техикаларының су алу аумақтары көрсетілген картасы әзірленген. Облыс аумағында орналасқан орман шаруашылықтары 362 адамды құрайтын өрт-химиялық стансаларымен қамтамасыз етілген. Осы орман шаруашылықтарында 22 өрт сөндіру автокөлігі мен 50 бейімделген қосалқы техника, 48 өрт бақылайтын биік мұнара бар.
Департаментпен және барлық ТЖ басқармалары бөлімдерімен өрт оқиғасы кезінде хабарлау схемасы бекітілген.
Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің, өңірдегі ұлттық парктер мен қорықтар басшыларының өртке қарсы дайындық жөнінденгі есептері тыңдалды. Сонымен бірге, аудандық маңызы бар жолдарда минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілмеген Түлкібас, Қазығұрт, Ордабасы, Созақ, Келес, Сары-ағаш аудандарының әкімдеріне жұмысты ширату жөнінде ескертілді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында минералдық жолақ жүргізу жұмыстары тапсырылды.

Оқи отырыңыз...

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

19.09.2025
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ САПАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

19.09.2025
ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ БАСТЫ НАЗАРДА

19.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ

19.12.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

19.12.2025
«ЖЫЛ ҮЗДІГІ–2025» ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

«ЖЫЛ ҮЗДІГІ–2025» ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

19.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған