• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 22 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨҢІРДЕ ЕКІ ОРМАН ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

11.07.2023
in Аймақ, Қоғам
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨҢІРДЕ ЕКІ ОРМАН ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысында өрттің алдын алу мақсатында 200-ден аса рейд жүргізілді, деп хабарлайды NEWQAZAQ.KZ.
Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асанғали Төлепбергенов айтты. Бүгінде облыс аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында «Орман, дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. «Жыл басынан бері өңірде екі орман өрті тіркелді. 12 маусым және 3 шілде күндері Ордабасы ауданындағы «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесіне» 3,8 га орман алқабының жану жағдайы болды. Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап өртке жатпайтын жалпы көлемі 341 га 618 жану жағдайлары орын алды. Бұл дегеніміз, өрт қауіпті маусымның шарықтау шегіне жетіп тұрғанын көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда 35% артқан. Бұл өрт есебіне жатпайтын жану жағдайлары адами факторлардың әсерінен орын алып отыр. Өртті болдырмау мақсатында облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылып, бүгінгі күнге дейін 203 рейд жүргізілді. Сонымен қатар, дала орман өрттерін алдын алу мақсатында облыс бойынша өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс тұрғындарына айтарым, кез келген өртті байқаған жағдайда «101» нөміріне хабар беріңіздер», — деді Асанғали Мадиханұлы. Бүгінде өңірде орман дала өрттері болуы ықтимал 520 елді мекен бар. Оның ішінде 124 елді мекен орман қоры аумағына шекаралас орналасқан. Олар Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында. Асанғали Мадиханұлы өз сөзінде облыс тұрғындарын табиғат аясында яғни орманды алқапта демалыс кезінде, сіріңке мен темекі қалдығын сөндірусіз қалдырмау, сөндірілмеген шоқ қалдықтарын тастамау керектігін ескертті. Одан бөлек, шыны ыдыстарды құрғақ шөптің үстіне, күн сәулесіне қалдырмауын және рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға тыйым салынатындығын жеткізді. Өңірде жалпы 12 орман шаруашылығы мекемесі орналасқан. Орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 3 млн. 452 мың 755 га, оның ішінде орманды алқабы 2 млн. 405 мың 332 га, ормансыз алқабы 1 млн. 575 мың 039 га құрайды. Бүгінде жалпы орман шаруашылықтарында 22 өрт сөндіру автокөліктері мен 61 бейімделген қосалқы техникалары, 3 тонналық суы бар 45 тіркемелі бөшкелер, 45 мотопомпа, 398 өрт сөндіру құралдары, 1944 өрт сөндіргіш, 48 өрт бақылайтын биік мұнаралары және 252 адамды құрайтын ерікті өртке қарсы құрылымдарымен бірге өрт-химиялық стансаларымен қамтамасыз етілген.

Оқи отырыңыз...

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған