• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 22 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН: ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҚАНДАЙ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН

07.05.2023
in Аймақ, Қоғам
«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

Біршама жылдар бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қазан айында қол қойған.
Жобалар арасында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы да бар. Ол халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Ұлттық жоба 4 негізгі бағытты қамтиды.
Атап айтқанда, Ұлттық жобаны іске асыру халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды өңдеу және оларды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігі инфрақұрылымын құру, көлдердің суы сапасын жақсарту, сондай-ақ суару кезіндегі ысырапты азайту мүмкіндігін беретін болады.
«Таза Қазақстан» атты бірінші бағыт атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Бұл бағыт аясында 5 жылдың ішінде 16 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында шығарындыларды 20%-ға төмендету жоспарланып отыр. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинауға арналған 8 мыңнан астам контейнер орнату, сондай-ақ олардың үлесі мен кәдеге жаратылуын 18%-дан 34% -ға дейін ұлғайту жоспарланған.
Сонымен қатар, су объектілерінің экожүйесін сақтау бөлігінде «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін іске асыру жоспарланып отыр. Балқаш көлінің бассейнінде орналасқан өзендердің су көлемі мен өткізу қабілетін ұлғайту шаралары қарастырылған.
Екінші бағыт – «Үнемді Қазақстан» деп аталады. «Суды үнемді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру» міндеті аясында 401 арнаны реконструкциялау және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезіндегі су ысырабын 4 текше шақырымға азайту жоспарланған. Ұлттық жобада суарылатын жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту шаралары қарастырылған.
Қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында су жинау көлемі 1,7 текше шақарымды құрайтын 9 жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр.
Бұл бағыттағы екінші міндет — өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдығын жаңғырту және бюджеттік сектордағы жарықтандыруды жаңғырту есебінен энергия тиімділігін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде арттыру.
«Табиғат» бағыты аясында ұласып өсуі кемінде 65 пайызды құрайтын 2 млрд. ағаш отырғызу, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру шараларын жүргізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру көзделіп отыр.
«Экология болашағы» атты төртінші бағыт халықтың экологиялық білімі мен мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз...

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

20.06.2025

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған