• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ІССАПАРМЕН БАРДЫ

05.07.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ІССАПАРМЕН БАРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Осы мақсатта, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
Берілген тапсырма аясында өңірдегі 5 ауданның әкімі, басқарма өкілдері, кәсіпкерлер бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Бұл орайда, сапардың негізгі мақсаты — экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде енгізу, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Делегация құрамында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, сондай-ақ облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов және өңір кәсіпкерлері бар.
Сапар аясында облыс делегациясы Үрімші қаласындағы ең ірі зауыт-фабрикаларын аралап көрді. Үрімші қаласы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының саяси, экономикалық және мәдени орталығы. Халық саны 4 миллионнан асады. Мұнда мұнай, тоқыма және металлургия өнеркәсіптері басым. Сондай-ақ Қытайдағы ең ірі жел энергиясы орталығы болып саналады.
– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысынан арнайы делегация құрамында ҚХР-ға іссапармен келдік. Бағдарлама бойынша Үрімші қаласында орналасқан минералды тыңайтқыш өндіретін зауытқа барып, зауыттың тарихымен және өндіріп жатқан өнімнің жетістіктерімен таныстық. Екінші бағытымызда әр түрлі тамақ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдық жасап шығаратын зауытты аралап көрдік. Үшінші бағытымызда күніне 25 дана ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаратын зауыттың жұмысына қанық болдық. Іссапарымыз Чжэнчжоу қаласында жалғасады, – деді Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы.
Түркістан облысы делегациясының іссапары әрі қарай жалғасып жатыр. Аудан әкімдері Чжэнчжоу қаласында бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар экономикалық аймаққа барып, Лоянг қаласының кәсіпорындарын аралайды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар. Делегацияның сапары 8 шілдеге дейін жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

10.10.2025
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

10.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған