• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 10 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

14.06.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: КТ ЖӘНЕ МРТ АППАРАТЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІ БАР КЕЗ КЕЛГЕН АДАМҒА ҚОЛЖЕТІМДІ

Елімізде МӘМС жүйесі енгізілгелі көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді және олардың көлемі ұлғайды. Сонымен қатар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. 2023 жылы Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 204 493 266 мың теңге бөлінді.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен — 95 432 806 мың теңге. Яғни, қазіргі уақытта облыс бюджеті 3 еседей өсті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев айтты.

Спикердің сөзінше, жүйе іске қосылғанға дейін КТ және МРТ секілді қымбат зерттеулер халықтың 8 әлеуметтік осал санатына ғана қолжетімді болған. Қазір бұл қызметтер сақтандырылған мәртебесі бар кез келген адамға көрсетіледі. Бүгінде облыста 23 компьютерлік томография аппараты, 12 МРТ аппараты жұмыс істейді.

– Ақылы қымбат тұратын медициналық көмектің көптеген түрлері қолжетімді болды. Мысалы, 2022 жылдың деректері бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 519 361 мың теңгеден биыл 683 041 мың теңгеге өсіп отыр. Азаматтардың жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек 2 582 541 мың теңгеден 4 224 408 теңгеге ұлғайды. Медициналық оңалту 6 018 621 мың теңгеден 6 859 196 мың теңгеге және консультациялық-диагностикалық көмек 7 579 848 теңгеден 1,7 есеге көбейіп 12 864 806 мың теңгені құрады, — деді, Асхат Асанұлы.

Мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен аурулардың алдын алу, өмір сапасын жақсарту, өмір сүру жасының ұзақтығын арттыруға нақты басымдық беріліп отыр.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауру неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым құлан-таза айығып кетудің де мүмкіндігі көбірек. Әр адам ең алдымен өз денсаулығына өзі жауапты екенін естен шығармастан скринингтен уақытылы өту, жылжымалы медициналық кешен қызметіне жүгінуі, ауруларды басқару бағдарламасына қатысу, спортпен айналысу, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, дәрігерге дер кезінде қаралуы керек.

Қор филиалы өз тарапынан халық арасында МӘМС жүйесінің артықшылықтарын түсіндіру жұмысын күшейтуге, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін, МӘМС қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты. Сонымен қатар, тұрғындарды МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін алдын ала «сақтандырылған» мәртебесін алуға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАППАЙ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ

ЖАППАЙ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ҚАЖЕТ

09.10.2025
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және шешімдердің орындалуы – заң үстемдігінің кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және шешімдердің орындалуы – заң үстемдігінің кепілі

09.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған